» » СІЗГЕ ҚАНДАЙ ВИТАМИН ЖЕТІСПЕЙДІ?

СІЗГЕ ҚАНДАЙ ВИТАМИН ЖЕТІСПЕЙДІ?



Кейде адамның бірнеше уақыт бойы мазасыз күйге түсетіні бар. Ондайда адам қалжырап, тез шаршағыш болады, ұйықтай бергісі келеді, тіпті басы айналуы да мүмкін. Мамандар мұндай мазасыздықтың себебін ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтады. Ал ағзада қай витаминнің жетіспейтінін қалай білуге болады? 

А витамині жетіспегенде тері құр­ғап, түрлі қабынулар пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, түнге қарай көздің көруі нашарлайды және түйіліп ауыратын болады. Бұл Сіздің тамақ рационыңызда майдың аз болуының белгісі. Артық салмақтан арылу үшін қатаң диета ұстаған адамдарда көбіне витаминнің осы түрі жетіспейді. Себебі диета кезінде адамдар А витамині мен майларды жеуден бас тартады. Ал бұл витаминнің ағзаға майсыз сіңуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда көкөніс­тер мен ірімшік қосылған омлет жеген пайдалы. Оның қуаты аз, бірақ май жеткілікті. Сондай-ақ А витамині бауырда, сары майда, жұмыртқаның сарысында, қаймақта, балық майында болады. 

Ағзада В витамині жетіспегенде аяғыңыз әлсірейді, есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды, аяғыңыз бен қолдарыңыз жиі жансызданатын болады, жүрек шаншиды. 

Ал В2 – рибофлавин жетіспегенде тері кедір-бұдырлы болып, безеу, ұшық, сыздауық сияқты жаралар жиі шығады, шаштың өңі кетіп, түсе бастайды. 

Жаныңыз күйзеліске түсіп, шаршау байқалса, жиі тұмаурататын болсаңыз, ағ­за­ңызда ВЗ немесе РР никотин қышқылы жетіспейтіні анық. 

 Ұйқышылдық басса, басыңыз айналса, тері құрғаса, шашыңыз түссе В6-пиридоксин жетіспейді деп біле беріңіз. 

В9 – фолий қышқылы жетіспегенде тістің еті жиі қанайды, асқазан-ішек жолдары қабынады. Сондай-ақ аз уақытта жүдеу мен терінің түсі сарғыш тартуы да вита­мин­нің осы түрінің жетіспеуінен болады. 

 Қан құрамындағы эритроциттер төмен түссе, тілдің дәм сезуі нашарласа, көп шаршайтын болсаңыз, сонымен қатар ауа райы өзгергенде басыңыз ауыратын болса, денеңізде құмырсқа жүр­гендей сезінсеңіз сізге В12 – цианокобаламин жетіспейді. 

В витаминдер тобының жетіспеу­­ші­лі­гі ағзаның жасушаларындағы азықтың азды­ғынан болады. Оның соңы ішек жұ­мыс­тарының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл топтағы витаминдер ішекте сіңетіндіктен ішек­тегі кез келген проблемалар ағзадағы осы витаминдердің жетіспеуіне әкеліп со­ға­ды. Одан арылу үшін Сіздің азығыңызда жануарлардан алынатын өнімдер көп болуы керек, мысалы, жұмыртқа, бауыр, жүрек, сүт. Сол секілді В витаминдер тобын сәбіз бен капустадан және жасыл бұрыштан іздеуге болады. 

Егер ағзаңыздың инфекцияға қар­сы тұру қабілеті төмендесе, сәл суыққа тоңғыш болсаңыз, ұйқыңыз бұзылса, ойы­ңызды жинақтай алмайтын болсаңыз, кейде тісіңіздің еті қанайтын болса, күнде­гідей тамақтанып жүргеніңізбен толып кетсеңіз, онда С витамині, яғни аскорбин қышқы­лы жетіспейді. Адам бо­йындағы жағымсыз әрекеттердің барлығы (жұмыстан қатты шаршау, түнгі ұйқының бұзылуы, тағы басқа) ағ­зада С витаминінің тау­сылуына әкеліп со­ғады. Никотин мен алкоголь де С вита­минін азайтады. Оның орнын толтыру үшін киви жеңіз. Екі орташа киви бір күндік С витаминін береді. Егер цитрус­ты жемістерге аллергия болмаса, оларды көбірек пайдалану керек. 

Көзіңіз талып, көруі нашарласа, тіс эмалінде жарықтар пайда болса, жиі ашула­натын болсаңыз, буын-буыныңыз қақ­саса,­ бұлшық етіңіздегі әлсіздікті сезінсеңіз, он­да сізге Д витамині жетіспейді. Оған қыс­тың қысқа күнінде ағзаға керекті ультра­күлгін сәулесін жеткілікті түрде ала ал­майтынымыз себеп. Ал Д витамині жетіс­пегенде каль­цийдің ағзаға сіңуі нашарлайды. Соның салдарынан Д витамині жетіспе­генде сүйек жіңішкеріп, шаш жиі түсіп, тырнақ сынғыш болады. Егер күн көзіне шығуға мүмкіндік болмаса, терезенің алдында күн сәулесі түсетін орында отырыңыз. Жаздың күндері қауіпсіздік ережелерін сақтап күнге қыздырынып қоюға да болады. Ағзада Д витамині жеткілікті болсын десеңіз, аптасына екі рет бір порция (100 грамм) ар­қан балық (лосось) жеп тұрыңыз. 

Басыңыз қатты ауырып, тек дәрі іш­кенде ғана басылатын болса, аяғыңыздың сіңірі тартылып ауырса, ызақор болсаңыз, тері босаңсыса, аяғыңыз бен қолыңызда қара дақтар байқасаңыз, жыныс мүшеле­рі­ңіз, бұлшық етіңіздің әлсіреуі, ұмытшақтық Е витаминінің жетіспеушілігінен болады. Антиоксидант ретінде Е витамині жасушаларды зақымданудан қорғайды. Сөйтіп біздің ағзамызды тез қартаюдан қорғайды. Е ви­та­­мині қанның ұюынан сақтайды. Одан бөлек витаминнің бұл түрі көптеген тері ау­руларын емдегенде өте пайдалы. Бір күнге керекті Е витаминін 1 ас қасық тұшымаған күнбағыс майынан да алуға болады.



http://reactor.inform.kz

05 желтоқсан 2018 ж. 1 083 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930