Автокөлік иелерінің есіне! Өрттердің шығу себептеріне келетін болсақ, автокөлік иелерінің өз дүниелеріне немқұрайлықпен қарап, қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр.Құрметті автокөлік жүргізушілері! Осыған орай Сіздерге Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктерде өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі шараларды орындауға ұсынады:- Электр тоқ жүйелері және қондырғылар зауыттан шығарылған болуы тиіс;- Қозғалтқыш пен поддон жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;- автокөліктер (жеңіл автокөлік ОП-2, «Газель», «Раф» автокөліктері ОП-3, автобустар ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5-2 дана) өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілуі тиіс;- автокөліктердің қосалқы есіктері еркін ашылуы тиіс;- аккумулятордан электр ажырататын қондырғы (тумблері) ақаусыз жұмыс істеу керек;- жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізушісі өрт техникалық минимумынан өтуі тиіс;Автокөліктерде мыналарға тыйым салынады:- двигательді ашық отпен қыздыруға;- қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;- Жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;- Автокөлік ішінде темекі шегуге;- Автокөлік ішінде жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;- Аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға,- Жанармай сақтау ыдысының аузын ашық қалдыруға;- Қозғалтқышты бензин немесе дизель жанар-жағармайымен жууға;- Газ баллондарын тасымалдауға (арнайы автокөліктен басқа);- Ашық тұрған немесе оқшауланбаған электр сымдарымен жалғағыштарды пайдалануға;- Аккумуляторды және жанармай багын белгіленген орыннан басқа орынға орналастыруға болмайды.Маңдай термен жинаған дүниенің табан астында күлге айналуы қиын емес. Ал бәрінен де оның адам өміріне қауіпті екенін жадыңызға ұстаңыз.Құрметті автокөлік жүргізушілері! Адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайық. Өрт тілсіз жау екенін ұмытпаңыз. Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабарлаңыз.Д.Шакен,Жалағаш ауданы төтеншежағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаумайоры. Қоғам 30 қаңтар 2018 ж. 1 429 0