Антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді
Құрметті облыс тұрғындары және қала қонақтары!
2018 жылдың 11 желтоқсанында Қызылорда қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру.
9.00-14.00 уақыт аралығында облыс орталығының белгіленген аудандарында шектеу енгізілді.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
https://syrboyi.kz