» » Жүргізуші куәлігін электронды үкімет порталында ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігін электронды үкімет порталында ауыстыруға болады


Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электронды өтініш толтырып, ЭЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Фотосурет пен қойған қолының сканерленген суретін өтінішке қоса жолдайды. Сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлейді. Ол 1,25 АЕК-ні (3006,25 теңге) құрайды.
Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электронды өтініш пен қызметтерді төлеу тарихы бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электронды чекті басып шығару керек.
Дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ға бара беруге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, төлқұжатты апару қажет. Жүргізуші куәлігі осыларды тапсырғаннан кейін 1 сағат ішінде дайын  болады.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекетік
корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы
халыққа қызмет көрсету бойынша  
Қызылорда  қаласылық №2 бөлімі


11 желтоқсан 2018 ж. 737 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930