Қызылордада тұрғындарды аязды күндері тегін таситын автобустар пайда болды
Бүгіннен бастап Қызылорда облысының тұрғындары қайырымдылық мақсатта пайда болған автобустармен қатынай алады. Ол қаланың шеткі аймақтарынан орталыққа дейін тегін жеткізеді, деп хабарлай Baq.kz ақпараттық агенттігі BNews.kzсайтына сілтеме жасап.
«Ел-Арай» қоғамдық қоры өкілдерінің әлеуметтік желілерде айтуынша, тұрғындар 29 қаңтардан бастап қордың логотипімен безендірілген автобуспен қала бойынша ақысыз қатынай алады. Автобустың жыл бойы емес, тек ауа райының қалыпты жағдайға келгеніне дейін жүретіні анықталған.
Автобус тұрғындарды таңғы сағат сегізден, кешкі бес пен жеті аралығында қала шетіндегі Титов, Гагарин ауылдары мен қала орталығына дейін жеткізеді.
Автобус тұрғындарды таңғы сағат сегізден, кешкі бес пен жеті аралығында қала шетіндегі Титов, Гагарин ауылдары мен қала орталығына дейін жеткізеді.
«Қайырымдылық көлігінің бағыты әл-Фараби, Жанқожа батыр, Кенесары, Торайғыров көшелерінің қиылысын, КБИ шағын ауданы арқылы, сондай-ақ, Жаппасбай батыр мен Қорқыт ата көшелерінен өтіп, Айтбай мешітіне және ескі базарға дейін жетеді. Сонымен қатар, Титов пен Гагаринге де», - деді қордағылар.
Тұрғындар мұндай қамқорлыққа ризашылықтарын да білдірді.
«Қарапайым адамдарға жасалып жатқан жақсылық, қамқорлық жаныңа да жылу сыйлайды», - дейді зейнеткер Мария Шакирова.