» » Қазақстандықтар кореялық фотографты несімен таң қалдырды?

Қазақстандықтар кореялық фотографты несімен таң қалдырды?

Астана, BAQ.KZ. Оңтүстіккореялық қала Чонджуда «Жібек жолында өміріп жатқан адамдар» атты фотокөрме өтті. Бұл туралы 24 kz сайты хабарлайды.




Фотокөрмеге төрт фотографтың суреттері қойылды. Фотоға түсіру тобы он күн бойы Қазақстанда, Тәжікстанда және Қырғызстанда болған. Біздің елдегі түсірілім жұмыстары Алматы облысында өткен. Фотограф Ким Мин Судың айтуынша, ол Корея мен Қазақстанды бір кездері Жібек жолы байланыстырғанын және ол жақта этникалық корейлер тұратынын білген кезде Орталық Азияға баруды жөн деп тапқан.

Фотографтың ойынша, Қазақстан – шексіз де шетсіз даласы бар, қонақжай, мейірімді халқы бар ел.

«Қазақстандықтар қасындағы адамның ыңғайына қарай бейімделіп сөйлесетінін таң қалдырды. Суретке түсіру туралы өтініш айтқанжа бас тартпайды, яғни ол тұрмыс жағдайын көрсетіп, фотографқа сенім артады. Кореяда керісінше адамдар кадрға ілініп қалмауға тырысады. Қазақстандықтардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарынан еркін, үлкен мемлекетте өмір сүріп жатқандары байқалады. Егер жас болсам, сол мемлекетте тұра беруші едім. Тағамға және сол жақта өмір сүруге қатысты кішігірім мәселелер бар, бірақ ол уақыттың еншісіндегі, уақыт өте келе үйреніп кететін дүниелер. Ең бастысы – ол жақта еркіндік сезіледі», - дейді ол.

Baq.kz
24 желтоқсан 2018 ж. 461 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031