» » Арнайы зерттеу: Елімізде халқының көңілінен шыққан әкімдердің тізімі жасалды

Арнайы зерттеу: Елімізде халқының көңілінен шыққан әкімдердің тізімі жасалды

Әкімге 100 пайыз риза болған өңір жоқ. Арнайы зерттеу орталығы жүргізген тексеру осыны анықтады. Түрлі бағыт бойынша 7 баллдық шкаламен зерттеу жүргізілген еді. Бірақ 5-тен асқан бірде-бір өңір басшысы табылмады.



Қай облыс не қала әкімі әріптестерінің алдын орады? Бұл туралы Еуразиябірінші арнасы хабарлайды.

2018 жылдың екінші жартыжылдығында әкімдер қаншалықты жемісті еңбек етті? Халық қаншалықты риза? Әлеуметтік зерттеу орталығы өздерінің кезекті рейтингін жариялады. Ең жоғары 7 ұпайды алған әкім болмады, бірақ. Бірінші орынға тұрақтаған Алматы басшысы Бауыржан Байбек 4,54 балды еншіледі. Шаһарға енгізген өзгерістерінің, ең бастысы – жас әрі болашағынан үміт күттіретін басшы ретінде топ бастаған көрінеді.

«Тәртіп орната бастасаң, мүдделі адамдар неше түрлі қауесет жібереді. Дүңгіршекті сүрсек, әкім өзінікін қойғысы келіп жатыр, көшелерді жөндеуге кіріссең, әкімнің бордюр шығаратын зауыты бар дейді. Автотұрақтар туралы да солай. Менің отбасым, сол тұрақтарға иелік етеді деген өсек те бар екен. Меніңше, бұл заңды жұмыс істеуге құлқы жоқтардың әрекеті. Мен және әкімдік ешбір жеке мүддені күйіттеп отырған жоқпыз» – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Екінші орында Қырымбек Көшербаев тұр. Сыр өңірінің салмақты басшысы, өзінің тәжірибесі арқылы аймақтағы ішкі жағдайды оңтайлы бақылап, Үкіметтегі беделі арқасында сөзі өтімді болғандықтан жоғары бағаланған екен есепке сенсек.

«Халық әйел секілді. Әйел жылы сөзді, көңіл бөлгенді жақсы көреді» – дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов.

Халықты әйелге теңеген Ғабидолла Әбдірахимов үшінші орында. Шымкентте Хобиттер мекені, Диснейлендті орнатуға уәде берген шаһар басшысы халықпен тең тілде сөйлесе алуының арқасында беделге ие деп топшылайды сарапшылар. Популист деуден гөрі, жаңа форматтағы басшы дейді. Өйткені, берген уәдесі көп жағдайда орындалады.

«Мен велосипедке мінетін шығармын. Көлік ретінде велосипедті пайдаланам. Онымен жүрген нағыз ләззат» – деген еді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов.
Қарапайым халыққа да, ғаламтор қолданушыларына да жақсы таныс, аңыз әкім Бердібек Сапарбаев үздік төрттіктен көрінген. Қараша халыққа Бердібек Мәшбекұлы ауыл-ауылды қымсынбай аралауға дайындығымен ұнайтын көрінеді. Ал әлемторда оны өз ойын ашық айтудан тартынбайтын шенеунік деп таниды.
Бұл рейтинг әр өңірде жұмыс істейтін 32 сарапшының байламы бойынша жасалған. Жылына екі рет сауалнама жүргізіледі екен.

«Бұл сарапшылардың сауалнамаға берген жауабы. Біздің әр аймақта 32 маманымыз бар. 6 түрлі аталымда баға беру ұсынылады. Соңында ортақ арифметикалық баға шығарылып, есептеледі. Қорытынды есеп мәтіні көбіне сарапшыларымыздың пікірлерінен тұрады» – дейді «Стратегия» зерттеу орталығының төрайымы Гүлмира Елеуова.

Кезінде бірнеше қаланы басқарған, саясаттанушы Берік Әбдіғали да осы рейтингпен танысқан. Бірақ, оның төрт үздік әкімі қатарында Ғабидолла Әбдірахимов жоқ.

«Бердібек Сапарбаев пен Қырымбек Көшербаев ол шын мәнінде халықтың өзі мойындап, айтып жүрді. Ал Бауыржан Байбекке келсек, оны да келісуге болады. Өйткені, жаңашыл, өзінің алға қойған мақсатынан қайтпай шын мәнінде де Алматыны көркейтіп жатқаны, оны мойындау керек. Сондықтан мен осы үшеуімен келісемін. Әрине, әрбір аймақта өзінің ерекшеліктері бар. Жамбыл облысында Асқар Мырзахметов келіп біраз жұмыс істеп жатыр. Оны да атап кету керек» – дейді саясаттанушы Берік Әбдіғали.

17 басшының 13-і 4 ұпайдан жоғары баға алмады. Соңғы орында Қостанай әкімі Архимед Мұхамбетов қалып қойған. Маңғыстау басшысы Ералы Тоқжанов 15-ші орыннан көрінген. Нақты халықтың сұранысына салса, әкімдердің рейтінгісі беделі мен тәжірибесіне ғана байланысты дейді, саясаттанушы. Мәселе тек экран мен басылым беттерінде жиі шығумен есептелмейді деген пайымда.

«Әрине, қанша телевидениеге шықты, кім не деді. Оны да ескереді, оған мән бермеуге де болады. Біреу күнде шықса да, бірақ халық оның жұмысына қанағаттанбаса, олар қоса алмайды. Олардың эксперттік сұранысына сенімсіздік туады.

Stan.kz
14 қаңтар 2019 ж. 555 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 03:27
Dosage Of Livitra For 250 Lb Male Infections Treated By Keflex Viagra Kaufen Fulda generic viagra Acquisto Viagra Italia Kamagra Liquide Cephalexin And Itp

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 07:43
No Prescription Needed International Propecia Hair Loss Treatment For Men Cialis Livraison Rapide France cialis viagra levitra kaufen rezeptfrei Macrobid Niftran Germany Cod Only No Rx Shop Chat Propecia En Ligne Solubility Propecia Finasteride

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30