» » Сырбойылық өрендер саз балшықтан жасаған сырлы аяқ

Сырбойылық өрендер саз балшықтан жасаған сырлы аяқ

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы Оқушылар үйі балаларға саз балшықтан бұйым жасаудың қыр-сырын үйретеді.


Оқушылар үйінде үш-төрт жыл бұрын «Көркем қыш және мүсін өнері» деп аталатын үйірмесі ашылды. Үйірме жетекшісі Ескендір Сермановтың айтуынша, мұнда ынталы шәкірттер саздан саналуан мүсін жасауға машықтанады. Бүгінде үйірмеге келушілердің қатары артқан. Тіпті, екінші-үшінші сыныптың өрендері де аптасына екі рет осында келіп, қолөнер құпиясы жайында сабақ алады.


«Ықыласы әрі қызығушылығы бар балалардың ешқайсысының кеудесінен итермейміз, оларға есігіміз әрдайым ашық. Сабақ тегін өтеді. Балаға сурет салдырамыз, бейнелеуге, қолөнерге баулимыз. Қабілеті, икемі бар өрендер бір-екі айтқаннан алып кетеді. Қолын жаттықтыра беру керек. Көз жобамен есептеуді біле бастайды. Бұл өнер баланың ой-өрісін дамытады, шығармашылық қабілеті шыңдалады, – дейді Ескендір Серманов.

Үйірменің қатысушылары бүгінде жарыстарға қатысып жүр. Жүлде алғандары да бар. Үйірменің жұмысы жемісті. Сондықтан, оны жандандыра түсу үшін арнайы құралдар сатып алынуда. Қазіргі таңда айналмалы қондырғының екеуі әкелінді. Сол арқылы балалар саз балшықтан қыш құмыра жасайды.

«Құмыра жасауға арналған балшық бөлек. Оны Алматы қаласынан, Жаңақорған ауданынан алдырамыз. Бір ерекшелігі, сол саз балшықты полиэтиленді пакет немесе дымқыл матаға орап қойсаң, көп уақыт қолдануға жарайды», – дейді үйірме жетекшісі.
Ескендір Серманов саз балшық терапиясы арт-терапияның маңызды саласына жататынын айтады.
«Адамның жүйкесін тыныштандырады. Ашуын басады. Саз балшықты алақанмен илеген баланың сүйегі қатаяды. Жалпы, денсаулыққа пайдасы орасан зор», – дейді ол.



Он бір жастағы Қайсар Сейдахметтің үйірмеге келіп жүргенін бір жылдан асыпты. Құмыра жасаудың қыр-сырына қанығып келеді.

«Маған телефондағы ойындарға қарағанда балшықпен ойнаған, одан неше түрлі бұйым жасаған ұнайды», – дейді Қайсар.

Ескендірдің айтуынша, мың градусқа дейін күйдірілген құмыра ғасырлар бойы «өмір сүреді».

«Білесіз бе, ғарыш зымыранының моторы саз балшық керамикасынан құйылады. Ол отқа шыдас береді. Ал темір мотор балқып кетеді», – деген Е.Серманов болашақта да балаларға саздың сыры мен құмыраның қасиетін ұғындыра беретінін айтты. 

Ибраш Әли


Фото автор


06 ақпан 2019 ж. 1 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031