» » Қазақстандық шынжыртабандар Ресейге экспортқа шықты

Қазақстандық шынжыртабандар Ресейге экспортқа шықты

Шынжыртабандардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді.

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÑÑнжÑÑÑÐ°Ð±Ð°Ð½Ð´Ð°Ñ Ð ÐµÑейге ÑкÑпоÑÑÒа ÑÑÒÑÑ

ERNUR.KZ. «Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады, деп жазады BAQ.KZ.

Аталған техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді. «Семей машина жасау зауыты» бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын.

Зауыттың Бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша қазір кәсіпорын шығаратын техникаларда қазақстандық өнімнің үлес салмағы өте жоғары және олар барлық талаптарға сай, сондай-ақ өздерінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден еш қалыспайды.

Шынжыр табанды тасымалдағыш көлік жолдағы кедергілерден өтімділігі жоғары, жылдам жүре және жүзе алатын, жүк таситын, алдыңғы доңғалақтары тартқыш машина. Бұл көліктер өте қолайсыз климаттық жағдайларда (ұйық батпақты, қарлы, орманды, таулы және шөлейт аймақтарда) қоршаған ортаның температурасы от + 60 градустан – 70 градусқа дейін жететін жерлерде пайдалануға арналған.

ERNUR.KZ
07 ақпан 2019 ж. 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30