» » Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылы атқарған жұмыстары және 2019 жылға алға қойған мақсаттары туралы

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылы атқарған жұмыстары және 2019 жылға алға қойған мақсаттары туралы

Аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасының 2018 жылы атқарған
жұмыстары және 2019 жылға алға қойған
мақсаттары туралы
Жалағаш аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты арттыруда, қоғамдық денсаулық сақтау қызметі және өнімдер қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 2018 жылы біршама жұмыстар атқарды.
Жалағаш ауданында 2018 жылдың  қорытындысымен бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасты.
Аудан тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі,  сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит А, Д, Е, малярия, лептоспироз,  листериоз,  вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек,  қүл,  құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, висцеральды лейшманиоз, тері лейшманиозы, ҚКГҚ, иерсиниоз аурулары тіркелген жоқ
Өткен жылмен салыстырғанда аудан көлемінде  8 түрі жұқпалы аурулар бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі  орын алды. Нақты атап кетсек, энтеробиоз  – 4, қышыма – 1, дерматомикоз – 14,лямблиоз - 7, битшендік – 2, хайуанаттан жарақат алушылар – 37 жағдайға, кене шаққан – 1,8 есеге, өкпе туберкулезі -  5 жағдайға азайған.
Есепті мерзімде аудан бойынша кене шағу жағдайымен 104 адам медициналық көмекке жүгінген  (2017ж  осы кезеңде 194 кене шағу), яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,6 пайызға төмендеген.
Аудан бойынша Қырым –қанды геморрагиялық қызбасына (КҚГҚ) күдікті, науқас тіркелген жоқ.  Табиғи ошақтарды зерттеу мақсатында 396  кене сынамасы зерттеліп, оның 8-нен (2,0 пайыз) оң нәтиже, яғни КҚГҚ-ның вирусы анықталды.
Жыл бойына 166 тексерулер жүргізілді, онын ішінде 77 ерекше тәртіп бойынша (жоспарлы), 89 жоспардан тыс, қорытындысымен 101 ақшалай айыппүл салынды, соммасы 1719575 тг., 91 санитарлық нұсқама берілді, 45 адам уақытша қызметтерінен шеттетілді.
Аудан көлемінде 15 орталықтандырылған ауыз су нысандары және 2 орталықтандырылмаған су нысандары бақылауда тұрады. 2018 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйелерінен санитарлық-химиялық көрсеткіштерге барлығы 241 сынама алынып, оның 9 санитарлық талаптарға сай келмеді, су сапасының химиялық сәйкессіздігі 3,7 пайызды құрады. Микробиологиялық көрсеткіштерге  270 сынама алынып, оның 1-і санитарлық талаптарға сай келмеді, су сапасының сәйкессіздігі 0,3 пайызды құрады. 
2018 жылы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде  сауда орындарынан өнімдердің 358 сынамасы сатып алынды. Сатып алынған сынаманың 90,5% (324) тағам өнімдері және 9,4% (34) тамақ емес өнімдерін құрады.
ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен  өнімдердің 5,3 % немесе 16 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеді. Анықталған кемшіліктерге сәйкес 6 нысанға ҚР-ның  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі 6 нұсқамалар берілді.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша  «Қауіпсіз тағам таңда», «Өз денсаулығың, өз қолыңда», «Таза қол», «Ұнды фортификациялау», «Болашаққа қадам!», «Дененің белсенділігі» тақырыптарымен  137 акция өткізілді. Сонымен қатар, аудан бойынша 12 семинарлар өткізіп, 180 лекциялар оқылды, 4200 үн парақшалар таратылды.
2019 жылы жұқпалы жәнепаразитарлық аурулардың алдын-алу, аса қауiптi жұқпалы аурулардың болдырмауына, оның таралуына жол бермеу, туберкулез, сарып, вирусты гепатит, жұқпалы iш ауруларымен күресу, Елбасының Жолдауын жүзеге, асыру, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, объектілерде өндірістік бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық аудитті енгізу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларының орындалуына аудан көлемiнде  көркейту, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргiзу, мамандардың бiлiмдiлiк, бiлiктiлiк деңгейiн көтеру, халықтың салауатты өмiр сүруiн  қалыптастыру  жұмыстарын осы негiзгi  бағыттарда аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма  ұжымы аянбай еңбек ете бередi.
                    Жалағаш аудандық
                   қоғамдық денсаулық
                  сақтау басқармасының
                              басшысы                                                   О. Аханов
30 қаңтар 2019 ж. 630 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 779

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031