«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналасу тәртібіндегі өзгерістер
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) жұмысқа қабылдау конкурс (бұдан әрі – Конкурс) негізінде жүргізіледі.
Қоғамның және оның филиалдарының бос лауазымдарына орналасу бойынша Конкурс, бірінші кезекте Қоғамның жұмыс істейтін қызметкерлері арасында өткізіледі. Ал, тиісті кандидатура болмаған жағдайда, Конкурсқа Қоғамның кадрлар резервіне енгізілген кандидаттар қатыстырылады. Конкурстың кез-келген деңгейіне қатысу үшін үміткерлер тиісті лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Конкурсқа алдын ала тестілеу рәсімінен өткен және тестілеу бағдарламасында белгіленген мәндерінен төмен емес нәтижелерге қол жеткізген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Келесі азаматтар Қоғамның және оның филиалдарының бос лауазымдарына орналасу бойынша Конкурсқа қатыса алмайды:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;
2) заңды күшіне енген сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылған адамдар;
3) белгіленген міндеттемелерді (шектеулерді) қабылдаудан бас тартқан;
4) Қоғамға жұмысқа кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) Қоғамға жұмысқа кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
7) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
8) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;
9) құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған азамат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қатыса алмайды.
Үстіміздегі жылдан бастап Қоғамға жұмысқа орналасуға үміткерлерді тестілеу «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның тестілеу орталығында өткізілуде.
Тестілеу 6 нормативтік-құқықтық актілерден тұрады. Атап айтқанда, ҚР Конституциясы, ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, Дербес деректер және оларды қорғау туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы және Акционерлік қоғамдар туралы заңнамалық актілер бойынша тапсырылады.
Тестілеу ақылы негізде. Тестілеу құны - 2000 (екі мың) теңге.
Тестілеуде барлығы 90 сұрақ. Әрбір заңнамадан 15 сұрақтан келеді. Соның 10-нан кем емесі І санат, 9-дан кем емесі ІІ санат, 8-ден кем емесі ІІІ санат, 7-ден кем емесі ІV санат, 6-дан кем емесі V санаттағы лауазымдардың өту мәні. Тестілеуге 90 минут уақыт беріледі.
Лауазым санаттары:
Бірінші (І) - қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті тұлға, Орталық ақпарат пен Орталық филиалдың басқармалардың басшысы және олардың орынбасарлары;
Екінші (ІІ) - Орталық аппарат пен Орталық филиалдың бөлім басшысы мен оның орынбасары, бас маманы, бас менеджер, жүйе талдаушы, бас HR менеджер, зертхана меңгерушісі, психолог, ЕҚ және ҚТ инженері, PR менеджер;
Үшінші (ІІІ) - Орталық аппарат пен Орталық филиалдың жетекші маманы, 1-санаттағы талдаушы, менеджер, бас сарапшы, бөлімнің бас маманы, HR менеджер;
Төртінші (ІV) - Орталық аппарат пен Орталық филиалдың маманы, бөлімнің жетекші сарапшысы, жетекші маманы, жүйе әкімшісі;
Бесінші (V) - маман, сарапшы, зертханашы, 2-санаттағы талдаушы.
Тестілеуден жұмыс күндері сағат 11:00-де және 16:30-да өтуге болады. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, Облыстық мекемелер үйі, 103 кабинет.
Сондай ақ, тестілеуден шекті мәннен төмен нәтиже алған тұлғалар 2000 (екі мың) теңге төлеп, кез-келген уақытта тестілеуді қайта тапсыра алады.
Мекеме реквизиты: «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ КБЕ 16,КНП 859, БИН 09024004630;
Банк реквизиттары: Халық банкі БИК HSBKKZKX, ИИК KZ 696017111000000295, "Capital Bank Kazakhstan" ИИК KZ847812203163980028, "Цеснабанк" БИК TSESKZKA, ИИК KZ04998ВТВ0000303915.
Мөлдір Қазбекова
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы