» » Астанада Қазақстан мен Өзбекстан СІМ арасындағы консультациялар өтеді

Астанада Қазақстан мен Өзбекстан СІМ арасындағы консультациялар өтеді

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерді талқылайды

âÐÑÑанада ÒазаÒÑÑан мен ӨзбекÑÑан СÐРаÑаÑÑндаÒÑ ÐºÐ¾Ð½ÑÑлÑÑаÑиÑÐ»Ð°Ñ Ó©ÑедÑ


ERNUR.KZ. 25-26 ақпанда Астанада Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтеді, деп жазады BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

"Бұл іс-шарада Қазақстан тарапын - Министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ал Өзбекстан тарапын - Министрдің бірінші орынбасары Илхомжон Неъматов басқарады. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, халықаралық және аймақтық құрылымдардағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ү.ж. сәуір айында Ташкент қаласында жоспарланып отырған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне дайындық мәселелерін талқылайды. Кезекті консультациялар Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың жаңа перспективті бағыттарын анықтауға өз үлесін қосады", - деді ресми өкіл.

Өзбекстан Қазақстан үшін бауырлас ел, аймақтағы басты саяси және экономикалық серіктес болып табылады. Елдеріміз арасында өзара құрмет пен тату көршілікке негізделген сенімді қарым-қатынастар қалыптасқан.

"Екі мемлекет дәстүрлі түрде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тығыз байланыста, атап айтқанда, аймақтық және жаһандық деңгейде бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтудағы, әсіресе, БҰҰ, ИЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көп жақты құрылымдар шеңберінде өзара тиімді ортақ көзқарас ұстануда. Қазақстан Өзбекстанмен экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен мән беріп отырғанын атап өту жөн. 2018 жылы Қазақстанның Өзбекстанмен екіжақты сауданың көлемі 2 млрд 488 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25,3%-ға жоғары. Қазақстаннан экспорт 31,6%-ға артып, 1 млрд 643 млн долларына жетті. Өзбекстаннан импорт 14,8 %-ға өсіп, 845 млн долларын құрады", - деп бөлісті ресми өкіл.


ERNUR.KZ
19 ақпан 2019 ж. 430 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930