» » Алматы облысында даладан табылған сәбиді асырап алуға ниетті ерлі-зайыптылар көп

Алматы облысында даладан табылған сәбиді асырап алуға ниетті ерлі-зайыптылар көп

Жедел іздестіру тобы пакеттен табылған баланың анасын табу үшін 200 анадан жауап алды. Қазір сәбидің денсаулығы қалыпты, деп хабарлайды КТК.


Айару есімді сәби бірнеше дәрігердің бақылауында.

“Баланы жуындырмаған. Анасының босануына әлдекім көмектескен болуы мүмкін. Бала кіндігіне оралып шетінеп кетуі мүмкін еді. Періштесі қақты деген осы. Ауыр жағдайда ауруханаға келген”, – деді Есік қаласы перзентханасының басшысы Гүлнәр Мамырбекова.

Аязда табылған сәбиді Айару Табылғанова деп атады. Құжаттары жасалып, жақында балалар үйіне жіберіледі.

Қазір полицейлерден бөлек көкек ананы ауыл тұрғындары да іздеп жатыр. Олар ананың жақын арадағы ауыл тұрғыны болуы мүмкін деген болжам айтты.

Тастанды бала перзентханаға түсісімен ет жүрегі елжіреген дәрігерлердің бірінен соң бірі келіп, бақылап кетеді. Бүгінде қыз баланың іріңдеген көзі жазылып, мөлдіреп тұр. Өмірі айдай анық болсын деп дәрігерлер оған Айару деп айт қойған.

Сәби құрсақта ауру жұқтырғандықтан көзі іріңдеп, денесі сарғая бастаған еді. 

Stan.kz
20 ақпан 2019 ж. 854 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930