» » Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәріні сатуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәріні сатуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәрінің сатылымына тыйым салынуы мүмкін. Олардың құрамында фенспирид бар. Бүгінде украиналық «Инспирон» мен түркиялық «Тирфенс» дәрілерінің сатылымы тоқтатылды.

ÒазаÒÑÑанда жөÑелге ÒаÑÑÑ ÐµÐºÑ Ð´ÓÑÑÐ½Ñ ÑаÑÑÒа ÑÑйÑм ÑалÑнÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑн
Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Инспирон» және «Тирфенс» дәрілері жөтел, ларингит, бронхитті емдеуге, сонымен қатар бронх демікпесін емдеу кезінде қолданылады.

Фармация комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков «Эреспал» дәрісі сатылымнан алынғанын, ал «Инспирон» мен «Тирфенс» дәрілерінің сатылымы қазақстандық дәріханаларда тоқтатылғанын айтты.

Алайда кей дәріханалардан аталған дәрілерді табуға болады. Алайда оларды сату нүктелерінен тәркілеу процесі басталып кетті.

«Кейбірінде бар. Бұл адами фактор. Біреулер естімеген болуы мүмкін. Алайда оларды сатылымнан алу процесі іске асырылып жатыр. Оның үстіне, бүгінде дәрі-дәрмектерді бақылау бойынша пилот дайындалуда», – дейді нұрлыбек Асылбеков.

Комитеттегілер бүгінде аталған дәрілердің қаншасы сатылғанын білмейді. Алайда бұл дәрілерді қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алуды сұрайды.

Stan.kz

20 ақпан 2019 ж. 598 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 044

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30