» » Астанада екі не одан да көп пәтері бар адамдардың саны қанша?

Астанада екі не одан да көп пәтері бар адамдардың саны қанша?

Tengrinews.kz ÑоÑоколлажÑ
Астанада 29 мың адамның екі немесе одан да көп пәтері бар, оның 18 мыңы жалға беріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция барысында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Оқырман пәтерді заңсыз жалға беруге және салықтан жалтаруға қарсы күрес шаралары туралы сұрады. Сұлтанғазиев "Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметтеріне сүйене отырып, Астанада 29 мың жеке тұлғаның екі және одан да көп пәтері барын, олардың ішінде 7,3 мың адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 18 мың пәтердің жалға берілетінін мәлімдеді.

"Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде уәкілетті органдардың қолда бар мәліметтеріне мониторинг жүргізу арқылы тіркеу есебіне қою және салық салуға тарту бөлігінде жылжымайтын мүлікті заңсыз жалға беретін тұлғаларды анықтау бойынша шаралар жүргізеді, сондай-ақ, полиция органдарымен бірлескен шаралар жүргізіледі", - деп хабарлады Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, 2018 жылы Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлікті жалға беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын 3,4 мың салық төлеушіні тіркеу есебіне қосымша қойған. Жалпы Астанада осы қызмет түрі бойынша 14 мыңнан аса салық төлеуші тіркелген.

Tengrinews.kz

26 ақпан 2019 ж. 649 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 696

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930