МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТАБЫСЫ КӨТЕРІЛЕДІ
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде ел экономикасының, халықтың әлеуметтік жағдайының артуы үшін жасалатын бірқатар жағымды жаңалықтарды атап өтті.
Елбасы съезде «Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдарламада бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын», – деді. Нарықтық заманда өмір сүріп жатқанымызды ескере отырып, қазақстандық әрбір отбасының табысы мен тұрмыс сапасын жақсартуды күн тәртібінен түсірмеуді тапсырды. Бұл шешімдер жарқын болашаққа бағытталған айқын бастамалар деуге болады. Өйткені, халықтың әл-ауқаты арттып, тұрмыс сапасы көтерілетін болса, ел экономикасының алға жылжитыны анық. Бюджеттегі табысы төмен қызметкерлердің айлығы 30 процентке дейін көтерілсе, қызмет сапасының жақсаруына де септігін тигізбек.
Ғазиз АРУНОВ,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы.