Елімізде мамыр айынан бастап көпбалалы аналарға баспана беріле бастайды
ҚР индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр тұрғындарға тұрғын үй беру туралы жоспарларымен бөлісті.
«Барлығы елде 340 мың көпбалалы отбасы бар, олардың 28 мыңы кезекте тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 7 жылда жыл сайын 6 мыңға жуық жалдамалы пәтерлердің құрылысын қамтамасыз етеміз. 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салынады», – деді Роман Скляр үкімет отырысында.
Ол табысы төмен көпбалалы отбасылар мәселесі толығымен шешілетініне уәде берді.
«Мамыр айында көпбалалы отбасыларға жалға баспана бере бастаймыз», – деді Скляр.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының аясында көпбалалы отбасылардан шыққан аз қамтылған отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Осы мақсатта мемлекет басшысы жыл сайын мемлекеттік бюджеттен 50 млрд теңге бөлуді тапсырды.
Stan.kz