» » Украиналық диетолог майлы тағам жеген астаналық аруды қалай тоқтатты?

Украиналық диетолог майлы тағам жеген астаналық аруды қалай тоқтатты?

Украиналық диетолог Оксана Скиталинская бүгін Астанада дұрыс тамақтану жөнінде семинар өткізіп жатыр. Ол қонақ үйлер мен супермаркеттерде зиянды тағамдарға басымдық беретіндерді жиі мазалайтынын айтады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ТанÑмал диеÑолог

"Дүкендерде зиянды тамақ алып жатқан адамдардың қасына жақын барып, диетолог екенімді, олардың дұрыс таңдау жасамай жатқанын айтамын. Күйеуім тоқтатады.

Бірақ кәсіби диетолог болған соң, адамдардың ауыруына жол бергім келмейді.

Бір қызығы, көпшілігі тыңдайды, бірақ сол зиянды тағамды соңғы рет алып жатқанын, келесіде кеңестеріме құлақ асатын айтып кетеді", - деп ағынан жарылды танымал диетолог.

Оксана Скиталинская Қазақстанда қонақ үйлерде тамақтың түр-түрі тұрғанын, алайда қонақтардың іздеп жүріп зиянды тағамдар таңдайтынына таңғалғанын жасырмады.

"Астанада да қонақ үйде бір жап-жас қыздың майлы, етті тамақ таңдағанын көріп отырып шыдай алмадым. Мамықтай ақ нан, әбден майға піскен ет жеп отыр екен. Қасына барып кәсіби кеңес бердім. Бойжеткен енді бұлай қайталамайтынына сөз берді", - дейді диетолог.




11 наурыз 2019 ж. 488 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031