Сарапшы: Елорданың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге 47 млрд 300 млн теңге жұмсалады
Астана енді ресми түрде Нұр-Сұлтан болып аталады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шығысымен кей сарапшылар елорда атауын өзгертуге қанша қаржы кететінін есептеп қойыпты. "Альпари" ақпараттық-сарапшылық орталығының директоры Александр Разуваев есеп-қисабынша, бұған 125 млн доллар жұмсалады. Теңгеге шаққанда 47 млрд 300 млн.
Шығындар елордалықтардың жаңа құжатын, жазу мен белгілерді өзгертуге, жаңартылған карталар мен Конституция және басқа да заңдардың жаңа редакциясын жасауға кетпек. Расымен осындай қомақты қаражат жұмсала ма? Елордалықтар құжаттарын қайта өзгертуі керек пе? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Альпари» ақпараттық-аналитикалық орталығының сарапшылары жариялаған жаңалықты көпшілігіңіз оқып, талқылап үлгерген боларсыз. Сонымен ондағылардың есеп-қисабынша:
Елордалықтардың құжатын қайта басып шығаруға 30 миллиард 27 миллион теңгеден астам, маңдайшадағы жазулар мен белгілерді өзгертуге 9 миллиард 460 миллион теңгеге жуық, жаңа карталарды жасауға 1 миллиард 892 миллион теңгенің айналасында қаражат жұмсалады делінген. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер жаңарған атаумен заңнама мен құжаттарды қолдарына алуы керек. Оны өзгертуге 5 миллирд 670 миллион теңгеге жуық кетеді» - депті.
Құжатты өзгерту керек дегенді естіген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары абдырап қалғаны рас. Әсіресе, оған 30 миллиардтан астам қаражат жұмсалады дегені тіптен ойға сыймайтындай.
«Құжаттың ауысуы иә адамдардың жұмыстан босатылуы, сұрану керек. Біраз уақыт алады. Адамдарды жұмыстан тежеп қояды».
«Құжаттарды ауыстыруға келер болсақ БАҚ өкілдері халықтың мазасы кетпейді деп жазып жатыр. Білмеймін. Уақыты келгенде көреміз деп отырмыз».
«Халық мен ойламаймын шапқылап қалады деп. Өйткені, халыққа нұсқаулық берген жоқ қой, бағдар берген жоқ қой барлығыңыз барасыздар да документ өткізесіздер деп. Әр нәрсе, жеке куәлік мысалы уақыты келгенде өзгереді».
Экономист Сапарбай Жұмаев сарапшылардың 47 миллиард теңгеден астам соманы қайдан шығарып алғанын түсіну қиын дейді. Оның есебі бойынша бас қалада 100 мың кәсіпкер бар десек, олар ары кетсе бір-екі құжаты мен мөрін ауыстырады екен. Оның өзіне қыруар ақша кете қоймайтын көрінеді.
«Кәсіпорындар өздерінің алдындағы тақтайшалары бар ғой жазылған Астана қаласы делінген, соларды ауыстыруға. Олардың енді 10-20 мыңы ауыстырады екен. Ол 2-3 миллионға барып жатыр. Мұның барлығы бюджеттікі емес. Көбі коммерциялық кәсіпорындар. Бюджеттегілер нені ауыстыруы мүмкін? Бланкілерін ауыстыруы мүмкін. Кей ұйымдар тақтайшаларын ауыстыруы мүмкін. Оның барлығын есептегенде 7-8 миллионнан аспастан тұр», - дейді экономист Сапарбай Жұбаев.
Астана атауын ауыстыру кезінде мемлекеттік бюджеттің қаражатын барынша үнемдеу жоспарда барын Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов та айтқан еді. Мысалы, «Астана Опера», «Астана Арена» сияқты мекемелердің атауы сол қалпы қалатынын жеткізді. Сондай-ақ, бір күнде баннер, хабарландыру мен басқа да дүниелерді ауыстыру мақсат емес деген екен.
"Құжаттарды ауыстыруға тағы бір тоқталатын болсақ, азаматтарға жылжымайтын мүлкінің құжатын қайтып өзгертуге керек деген талап жоқ. Мұнымен қатар туу, қайтыс болу, неке қию не бұзу туралы куәлікті ауыстыру да міндетті емес. Ал мысалы менің қолымдағы өздерінің көріп тұрған паспорт, жеке куәлік және жүргізуші куәлігінде тек Қазақстан Республикасы деп жазылған. Сәйкесінше оны да ауыстырып қажет емес".
Stan.kz