» » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!


КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ

АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
           Конго-Қырым қанды қызбасы ауруы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жататын өте қатерлі ауру. Ауру көктем, жаз, күз айларында кездеседі.
        Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының тасымалдаушысы қарапайым кене. Кене шағу қауіптілігі кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тарататын вирустардың сақталуы. Сол себепті аурудың тіркелуі осы кенелердің көктем, жаз мезгілдерінде  шығып, адамдар мен жан-жануарларды шағу белсенділігінің артатын кезеңіменбайланысты. Кенелер адамға  мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады.
           Ауру қоздырғышы вирустар  адам ағзасына:
Трансмиссивтік жолмен – (кененің жабысып шағуы),
Қарым қатынас, жанасу арқылы-(ауру адамнан сау адамға қан және қан бөлінділері және кенені қолмен езу, қайшымен қию кезінде қолға қан жұғуы арқылы) беріледі.
   Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының негізгі белгілері:
Ауру кенеттен жедел түрде басталады. Науқастың басы қатты ауырып, дел-сал күйге түсіп, белі сырқырайды, тамаққа тәбеті болмайды. Дененің қызуы 39-41°С дейін көтеріледі. Адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан, әйелдердің жыныстық мүшелерінен (жатырдан) немесе ішкі ағзаларынан (асқазан, тік ішектен қан кетеді. Терісіне бөртпелер шығып, иньекция (ине) салған, шымшыған жерлерде терісі көгеріп,  ауру белгілері пайда болады. Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте-бірте жоғалып, адам қансырау салдарынан қаза болуы мүмкін. Бұл дерттің қауіптілігі сол осы аурумен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады.
Ережелерді назарда сақтаған жөн:
Табиғат аясында, саяжайда демалған сәттерде, кенеден сақтану, яғни дененің киімнен ашық жерлерін мейлінше азайту керек.   Кене жабысу мүмкіндіктері бар жерлерде шалбардың балағын носкидің ішіне, көйлекті шалбардың беліне салып қымтаған дұрыс. Бұл шара кененің денеге кіруінен қорғайды. Жұмыстан кейін жабысқан кенелерді анықтау үшін күнделікті үстіңізді мұқият бір тексеріп шығыңыз. 
Кене малдың үстінде болатындығын ескере отыра, малды күту барысында сақтық ережелерді бұлжытпай орындау керек. Малдағы кенені жалаңаш қолмен жұлуға болмайды.
          Егер сізді кене шағып алған болса, онда шұғыл түрде тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз.
Сізді 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Аурудың бірінші белгілері дене қызуы көтерілуі пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Міне осы айтылған қарапайым ережелерді күнделікті сақтаған жағдайда сіз аурудан таза боласыз.
Конго-Қырым қанды қызбасы ауруына қатысты кез келген мәселелер бойынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына байланысуға болады
                       Жалағаш аудандық  Қоғамдық
               денсаулық сақтау басқармасының
                                       басшысы                                                                         О.М.Аханов
Сарып қауіпті ауру
             Сарып ( бруцеллез ) –ол малдан жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру.Оның қауптілігі уақытылы тексеріліп, толық ем қабылдамаса адамды мүгедектікке, еркектерді белсіздікке, әйелдерді бедеулікке соқтырады.
              Бруцеллез адамға үш түрлі жолмен; тұрмыстық, қарым-қатынаста, ауа арқылы жұғады. Мал төлдету, қой қырқу науқаны, мал сою кезінде  осы ауруды жұқтырып алу қаупі  жоғары. Сонымен қатар термикалық өңдеуден өтпеген мал өнімдерін пайдаланған адам да ауруды жұқтырып алуы мүмкін.
Сарып ауа арқылы жұғуы қой, ешкі жүнінің тозаңдыбөліктерінің бруцелді микробтардың тыныс жолдарына енуі мүмкін.  Кез-келген адам жасы мен жынысына қарамастан сарып ауруымен ауыра береді. Тері асқазан-ішекжәне тыныс алу жолдары арқылы ағзаға қоздырғыштар алғашында ешбір  белгібере қоймайды.
            Аурудыңжұққаны-қоздырғыштардың уыттылығына,ағзаға қандай мөлшерде енгеніне және оларға ағзаның қаншалықты  дәрежеде қарсылық көрсетуіне байланысты 3-4 аптадан кейін ғана білінеді.  Қорғаныс механизмдерін әлсіретуге түрткі болатын ішкі және сыртқы факторлар (жарақат алу, босану, торығу, әр түрлі сырқаттар) сарып ауруын қоздыра түсетіні сөзсіз. Сарып ауыр, орташа, қайталама созылмалы болып келетін үш сатыдан тұрады.
             Сарыптың ауыр сатысында сырқаттың ыстықтығы көтеріліп, денесі қалтырайды, бас ауруымен бірге сүйектері де сырқырап, бұлшық еттері, белі ауырады. Науқастың безгегі ұстау кезеңі 7-10 күнге созылады да, өзін уақытша жақсы сезінгендей болады, ал 2-3 аптадан кейін  тағы да ыстықтығы көтеріліп, көңіл-күйі нашарлайды. Безгек толқыны 2-3 рет қайталануы мүмкін, ауру асқынған кезде көбінесе; тізе, жамбас, иық, шынтақ, саусақ буындары зақымдануы ықтимал. Аурудың асқынуы жеткенде орталық жүйке жүйесі зақымданады. Бұған бас ауруы, ашущаңдық, тез шаршап қалу, ұйқы қашу қосылады. Мұның ақыры менингит және тағы басқа сырқаттарға ұласатын жәйттерде де кездеседі. Сарыпқа тән тағы   да бір ерекшелік, ол жыныс мүшелеріне де зақым келтіреді. Сырқат еркектің аталық ұрық безімен оның қосалқы бөліктері ісініп ( орхоэпидимит), қатты ауырады, әйелдердің аналық төс бездері, жатыр қабынады, өздігінен түсік тастайды. Осындай өзгерістердің салдарынан еркектердің жыныстық қызметтері нашарлайды, әйелдердің етеккір келуі жиілеп бұзылады, бедеулікке душар болады.
               Сарып ауруында инфекция көзі тек мал болып табылатындықтан, меншік түріне қарамастан малдарыңызды тексертіп, егу жұмыстарын жүргізу қажет. Тексеру нәтижесінде ауру болып табылғанмал тез арада ошақтан оқшаулану мал дәрігерінің ұсынысымен тиесілі іс-шаралар қабылданып, ауру көзі тез жойылу керек.
Денсаулығыңыздың мықты болуы әркімнің тек өз қолында екенін естен шығармаңыздар.


                       Жалағаш аудандық  Қоғамдық
               денсаулық сақтау басқармасының
                                       басшысы                                                                         О.М.Аханов
14 наурыз 2019 ж. 1 516 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930