» » Димаш Құдайберген Алла Пугачеваға арналған концертке қатысады

Димаш Құдайберген Алла Пугачеваға арналған концертке қатысады

ÐÐ¸Ð¼Ð°Ñ ÒұдайбеÑген. ФоÑо ©ÐикиÑа ÐаÑов


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде ресейлік Алла Пугачеваға арналған шығармашылық кеште өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше", - деп жазды Димаш. 

Пугачеваның мерейтойына арналған "Подарок для Аллы" концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді. 

Концертте Құдайбергеннен бөлек, Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев және басқа да ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеште Алла Пугачева мен Максим Галкин жүргізуші болады. 

Айта кетейік, Пугачева 15 сәуірде 70 жасқа толады. Оның репертуарында 500-ден аса ән бар.  Естеріңізге салсақ, Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі концерттері аншлаг жинаған болатын. БАҚ ақпараттары бойынша, әншінің концертіне әлемнің 50-ден аса елінен жанкүйерлер келген. 

kaz.tengrinews.kz
27 наурыз 2019 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30