» » Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұлғайды

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұлғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтардың жалпы өміршеңдігі 72,9 жасты құрайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.


ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұлғайып, жалпы өлім-жітім көрсеткіші 20% төмендеген.

«Қазақстандықтардың жалпы өміршеңдігі 72,9 жасты құрайды», - дейді ол.

Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың 47% құрамында қанты бар салқын сусындар ішеді. Олардың үштен бір бөлігі ғана жеміс-жидектер мен көкеністерді жейді.

«Балалардың денсаулығын қорғау мақсатында 2018 жылдан бастап еліміздің мектептерінде Дұрыс тамақтану үлесі бойынша стандарттар енгізілуде», - дейді Зәуре Ахметова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында еліміздің медициналық ұйымдарында 3-11 сәуір аралығында Ашық есік күні өткізіледі.

«Осы күндер аралығында әр адам арнайы мамандардан кеңес алып, диагностикадан өте алады. Түрлі флешмобтар, жаттығулар, веложарыстар және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде Денсаулық елшілерінің, белгілі спортшылардың және әншілердің қатысуымен жаппай жаттығулар өткізіледі», - деді ол.

 
Фото: автордан
BAQ.KZ
05 сәуір 2019 ж. 629 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930