» » Саясаттанушы Иманғали Тасмағамбетовтың неліктен президент бола алмайтынын айтты

Саясаттанушы Иманғали Тасмағамбетовтың неліктен президент бола алмайтынын айтты

Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов президент бола алмайды. Алдағы президент сайлауына қатысты пікір білдірген саясаттанушы Оразғали Селтеев осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

СаÑÑаÑÑанÑÑÑ ÐманÒали ТаÑмаÒамбеÑовÑÑÒ£ нелÑкÑен пÑÐµÐ·Ð¸Ð´ÐµÐ½Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð° алмайÑÑнÑн айÑÑÑ
Саясаттанушының сөзінше, елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні мәлімденгеннен кейін, Иманғали Тасмағамбетовтың президент атану мүмкіндігіне қатысты түрлі болжам айтыла бастаған. Өз сөзінде Селтеев Тасмағамбетовтың президент сайлауына қатысуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 

«Қазір оның саяси аренаға келуі мүмкін емес. Оның бейтараптандырылған мерзімі ретінде Мәскеуге жіберілген уақытын санауға болады», - деп жазды саясаттанушы Telegram арнасында

Сонымен қатар Селтеев бұл билеуші элитаның Тасмағамбетовке деген айрықша қатынасына кедергі бола алмайтынын атап өтті . 

«Әрине, ол – Қазақстандағы мықты әрі ықпалды саясаткерлердің бірі», - дейді Селтеев. 

Десе де Оразғали Селтеев Тасмағамбетовтың тарапынан оқыс қадам болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Саясаттанушының сөзінше, ол өзінің саяси амбициясы туралы ашық жарияласа, билік транзитінің қазіргі сценариі өзгеруі мүмкін. 

«Алайда қазіргі жағдайда бұлай болуы екіталай», - дейді Селтеев.

Айта кетсек, 9 сәуірде, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімдеді. Президент сайлауы биылғы жылдың 9 маусымында өтеді.

11 сәуір 2019 ж. 593 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031