» » Тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана заңгері істі болды

Тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана заңгері істі болды

Көкшетау емханасында "КТК" телеарнасының журналистері мен медициналық мекеме заңгерінің арасында болған жанжалға қатысты іс қозғалды. Тілшілерге жұдырық ала жүгірген заңгер Ерболат Темірбеков бұзақылық жасады деп айыпталған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Көкшетау қалалық емханасының заңгері Ерболат Темірбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлімі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімет берді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл бапқа сәйкес Темірбеков 2 мың АЕК айыппұл төлеп немесе түзету жұмысына салынуы мүмкін. Сонымен қатар, заң бойынша екі жылға дейін бостандығы шектеліп, болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда 5 наурызда бір жастағы қыз көз жұмған болатын. Сәбидің ата-анасы баланың өліміне қызылшаға қарсы екпе себеп болды деуде. Олардың айтуынша, дәрігерлер қыздың жағдайын ескермей, процедураны орындаған.
Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, бөбек екі жақты пневмония салдарынан туындаған асқынған тыныс жеткіліксіздігінің салдарынан көз жұмған. Туыстарының пікірінше, учаскелік дәрігер ұзақ ауырған сәбиді қарап, пневмония диагнозын қойып, екпені салғызбауы тиіс болатын.
Отбасы сарапшының қорытындысымен 8 сәуір күні емханаға келеді. Бұл жайында КТК телеарнасының журналистеріне де айтады. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде медициналық мекеменің заңгері Ерболат Темірбековтің камераны жұдырығымен бір ұрған видеосы тарап кетті.  Ол бұл әрекетін "сәбидің туыстарының сараптама нәтижесін жариялауға құқығы жоқ болғандықтан, оларды тоқтатуға тырыстым" деп түсіндіреді. Заңгер тілшілерді арандатты деп те айыптаған.
Айта кетсек, Есмалина Марковичтің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша сотталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.ФоÑо: ru.korupciya.com
13 сәуір 2019 ж. 869 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 797

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031