Министр Нұр-Сұлтан мен Шымкентте азық-түлік қымбаттағанын айтты
Қазақстанда құрылыс бойынша артта қалған өңірлер саны екі есе қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысы кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
"Құрылыс мәселесіне келгенде артта қалған өңірлер саны сегізден төртке қысқарды. Маңғыстау облысы, Ақмола облысы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласы артта қалып отыр", - деді Руслан Дәленов.
2018 жылғы реконструкциялау көлемі мен құрылыс жұмыстарын есептегенде Нұр-Сұлтандағы құрылыс биыл қаңтар-наурызда 1,9% өсті.
"Шымкентте инвестициялардың қысқаруы мұнай өңдеу зауытын жалғастыруының аяқталуымен байланысты. Негізінен Қызылорда облысында инвестиция тарту 2,3 есе өсіп отыр", - дейді министр.
Әрі қарай Руслан Дәленов Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында азық-түлік бағасының қымбаттағанына тоқталды.
"Бес өңір бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Олар – Павлодар, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары", - дейді ол.
2019 жылдың бірінші тоқсанында қорытындылар бойынша бірқатар көрсеткіш жақсарып отыр. Келесі тоқсанда да осы қарқынды сақтай отырып, жалғастыру маңызды екенін айтты.
Stan.kz