Павлодарда ұлттық киім тігетін теміржолшы әйел кәсібінің сырын ашты
Павлодарда көп жылдар бойы теміржолшы қызметін атқарып жүрген Жанар Тоғаева өз мамандығынан бөлек ұлттық үлгіде киім де тігеді. Он саусағынан өнер тамған теміржолшы әйелмен KAZ.NUR.KZ тілшісі тілдесіп көрді.
Жанар Тоғаева ең алдымен аталмыш кәсіпке қалай келгенін баяндап берді. Сондай-ақ, ол Павлодар жүк тасымалы бөлімшесінің тасымал құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы болып еңбек етеді.
"Екі ұлым бар, соларға жаңа жылдық костюмдер тіккен едім. Біраз уақыт өткен соң әлгі костюмдерді таныстарым жалға сұрай бастады. Сөйтіп шағын бизнесімді бастап кеттім. Бұл бастамамды әжем демеп отырды, тіпті мен тіккен киімдерді өзі де киіп жүрді", - дейді екі баланың анасы.
Палодарлық теміржолшы Наурыз, тілашар, тұсау кесу сияқты мейрамдарға ұлттық нақыштағы костюмдерді тігеді екен.
"Бұл қасиет маған әжем мен Қазақ КСР еңбек сіңген сәулетшісі Қалдыбай Монтақаевтан берілген. Жалпы бұл кәсіп мен үшін ақшаның көзі емес, керісінше, жанымды тыныштандыратын, өзіндік ләззат сыйлайтын хобби деп айтар едім",- дейді Жанар Тоғаева.
KAZ.NUR.KZ