» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ


Өркениетті қоғам үшінсыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де  нұқсан келтіруде. Сондықтан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатыныңнегізгі бағыттарының бірі  сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Бұл Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және халықта туындаған сұрақтарды шешуде көмек көрсету, қолжетімді нысанда ақпаратты жеткізу, белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану, өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер қабылдау тиіс. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасы бойынша 2019 жылдың 1-ші тоқсанда «Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары Г.Утеевтің және «Нұр Отан» партиясының Жалағаш аудандық филиалының сектор меңгерушісі А.Кенжебаевтың қатысуымен семинаржәне  «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында техникалық сабақ өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

Т.ШҮЙІШБАЕВ,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы.   
18 сәуір 2019 ж. 991 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930