» » Қазақстандағы президент сайлауы: Үміткерге қандай жағдайда "2" қойылады?

Қазақстандағы президент сайлауы: Үміткерге қандай жағдайда "2" қойылады?

Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталатынын айтып берді. Ол емтихан үш кезеңнен тұратынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ÐÓ©ÑÐ½ÐµÐºÑ ÑÑÑеÑ: KAZ.NUR.KZ


Мырзатай Жолдасбековтің сөзінше, бірінші кезеңде үміткер лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпқа жазбаша жұмыс тапсырады.

"Ол екі беттен аспауы керек, оны жазуға бір сағат уақыт беріледі. Егер үміткер белгіленген уақытта жазып бітіре алмаса, комиссия ақылдаса келе, оған қосымша жарты сағат бере алады", - деді Жолдасбеков.

Лингвистикалық комиссия төрағасы жұмыстың мұқият тексерілетінін, әріп қате мен тыныс белгілеріге дейін назар аударлатынын тартты.

"Мәселен, шығармадан 8 орфографиялық қате табылса, оған "2" деген баға қойылады", - деді ол.
Жолдасбеков екінші кезеңде үміткер комиссия ұсынған көлемі үш беттен аспайтын мәтінді оқитынын жеткізді.
Ол кітаптардың тізімі бекітілгенін атап өтті.

"Оқитын кітаптарды бекіттік. Бұл – қазақ ақын-жазушыларының кітабы. Соны қолма-қол төраға ұсынысымен таңдап алады да, 15 минут үзінді оқиды. Қалай оқитынын қарап отырамыз. Президент болатын қайраткер мемлекеттік тілде еркін оқи алуы шарт", - деді лингвистикалық комиссия басшысы.

Жолдасбеков үміткер үшінші кезеңде сөз сөйлейтінін айтты.

Ол тақырып бекітіліп қойғанын, оны үміткерге конвертке салып беретінін алға тартты.

"Үміткер сол тақырып бойынша сөз сөйлеуі керек. Тақырыпты тереңірек ашу үшін үміткерлерге қосымша сұрақтар қоюымыз мүмкін", - деді Мырзатай Жолдасбеков.

Оның сөзінше, президенттікке үміткер адам қазақ халқының тарихын, мәдениетін, жетістіктерін жақсы білуі қажет.

"Емтиханды қорытындылап, қолымызды қоямыз. Емтихан нәтижесі Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады", - деді комиссия төрағасы.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

kaz.nur.kz


22 сәуір 2019 ж. 619 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930