» » Елімізде мемлекеттік баспананы тегін алатын 10 топқа кімдер жатады?

Елімізде мемлекеттік баспананы тегін алатын 10 топқа кімдер жатады?

Қазақстанның заңына сәйкес мемлекеттік баспананы тегін алатын азаматтардың он тобы қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.



"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы тегін алуға құқылы тараптар:
  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  2. бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  3. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттарды жоюға қатысқандар;
  4. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;
  5. КСРО-ны қорғау кезінде, әскери міндеттерін орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты сырқаттанғандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жараланып, контузия алу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
  6. Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;
  7. Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек еткен әскери қызметшiлер (қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  8. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат немесе ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, баспананы өтеусіз алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады;
  9. саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңға сәйкес ақталған, мүгедектігі бар адамдар;
  10. қызметін атқару кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасы мүшелері енген. 

25 сәуір 2019 ж. 369 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930