Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды
Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысуда.
ERNUR.KZ. Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды, деп жазады BAQ.KZ. Сессия Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өтеді. Отырысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып отыр. Жиын тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту». Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
ERNUR.KZ.