» » Дәрігерлер тексеру жүргізді

Дәрігерлер тексеру жүргізді

Еңбек ауылдық округінде "Медицина жанымызда!" атты акция өтті. Аталған шара еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылуда. Негізгі мақсат – тұрғындарды әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуінен, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қандай көмектер көрсетілетіні, ауылда медициналық көмекті алуға қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы ақпараттандыру.
Акция аясында медициналық бригада құрамында жалпы тәжі­рибелік дәрігерлер, сондай-ақ балалар дәрігері, терапевт, хирург, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, тіс дәрігері тұрғындарға қабылдау жүргізді. Дәрігерлік тексеру барысында тұрғындардың қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтау, флюорографиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу, элек­трокардиограммалық ­құ­­рал­-жабдықтар арқылы тек­се­­ру­­ жүргізіліп, науқас­тар­дың ша­­­­­ғым­­дары жан-жақты зерт­те­ліп, зер­деленді. Сонымен қа­тар ме­ди­циналық сақтан­дыру са­ла­­­сы­ның­ мамандары ха­­лыққа мін­дет­­ті әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру жүйе­сі­нің тиімділігі туралы түсін­діру жұ­мыс­та­рын жүргізді.
Акция барысында тұрғындарға сапалы медициналық қызметтер көрсетумен қатар, ауылдардағы медицина қызметкерлеріне әдіс­те­мелік көмек көрсетілді.

К.БОЛАТ.
03 мамыр 2019 ж. 711 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031