» » Ақтөбеде балалар арасында аллергия өршіп тұр

Ақтөбеде балалар арасында аллергия өршіп тұр




«Сәуір айынан бастап маусымдық аллергиялық асқынулар басталды. Екі-үш аптадан бері адамдар дамылсыз келіп жатыр. Қазір гүлдер өсіп, ағаштан жапырақтар шыққанда олардың тозаңдары ұша бастайды. Бұл уақытта ерте көктемгі аллергиямен ауыратындартың саны күрт артады. Ал 15 мамыр мен 15 маусым аралығында арамшөп аллергиясы басталады. Ол кезде мұрын бітіп, көз қышып, құрғақ жөтел белгілерін береді. Оны дер кезінде емдемесе тыныс жолдарын бітеп, демікпеге әкеліп соғады. Бүгінге кездесуде ата-аналарға қалай күтіну жолдары айтылды», - дейді балалар аллергологы Лиза Дүйсенова.

Мамандардың айтуынша, қазір балалар ауруханасына күніне кемі 5 адам қабылдауға келеді.
«Бізде бір жағдай болды. 8 жастағы балаға аллергия конъюнктивит түрінде белгі берген. Ата-анасы баланың жағдайына көңіл бөлмеген, дәрігерге де қаратпаған. Бала 10 жасқа келгенде демікпелі астмаға шалдықты. Қыз баланы біз бір жыл емдедік. Үздіксіз базалық тексерулер жасалынды», - дейді дәрігер.

 
Фото: дереккөз.
06 мамыр 2019 ж. 667 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930