» » Шереметьеводағы ұшақ өрті: Жолаушыларды құтқарған стюардессаны батыр деп атады

Шереметьеводағы ұшақ өрті: Жолаушыларды құтқарған стюардессаны батыр деп атады

Ұлыбританиялық Daily Mail және Metro басылымдары Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақтың өртенгені туралы жазды. Басылымдарда стюардесса Татьяна Касаткинаның ерлігі атап өтілген. Олар жолаушыларды құтқарған стюардессаны батыр деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Желі қолданушылары Касаткинаны батыр деп атап, оның ерлігі, біліктілігі мен төзімділігіне тәнті болды. 

«Сен нағыз батырсың! Ерлігің, біліктілігің мен төзімділігің үшін алғыс білдіреміз. Сен көптеген адамды құтқарып қалдың», - дейді Vanov есімді желі қолданушысы.

«Бұл стюардесса – батыр», «Қандай ерлік! Өзі де сондай әдемі екен», - дейді өзге де желі қолданушылары. 

Ұлыбританиялық желі қолданушыларының дені Татьяна Касаткина ерлігі үшін марапатқа лайық екенін жазуда. Сонымен қатар олар әуе апатынан көз жұмғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Еске сала кетсек, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Stan.kz 
08 мамыр 2019 ж. 620 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930