» » Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма?

Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма?

Қазақстанның ОСК сайлауалды үгіт кезінде қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді атады.

ÒазаÒÑÑанда пÑезиденÑÑÑкке кандидаÑÑÐ°Ñ ÑегÑн ÑамаÒ, аÒÑа ÑаÑаÑа ала ма?


ERNUR.KZ. Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жүргізу кезінде сайлаушыларға тегін тауарлар беруге, ақша төлеуге немесе оны уәде етуге қатаң тыйым салынады, деп жазады sputniknews.kz.

Сайлауалды үгіт үш түрлі жолмен: БАҚ арқылы, сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы және баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізіледі.

"Сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, соның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгілерді, туларды, жалауларды тегін таратуға болатынын есте сақтау маңызды", - деп жазылған хабарламада.

Дегенмен сайлаушыларға тегін немесе жеңілдікті жағдайларда тауарлар, бағалы қағаздар беруге, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізуге, ақша төлеуге не оларды беруге уәде етуге тыйым салынады.


ERNUR.KZ
08 мамыр 2019 ж. 637 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 024

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30