» » Қызылордада аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған азаматша сотталды

Қызылордада аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған азаматша сотталды

Қызылордада аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған азаматшаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Аталмыш оқиға 2018 жылдың тамыз айында болды.  Қызылорда қаласы тұрғынының сөмкесінен 13,5 мың АҚШ доллары мен 4 млн 906 мың теңге жоғалған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізді. Күдікті ретінде Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол өзінің кінәсін мойындады», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сұғанақтық жасаған азаматшаның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшердегі ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен айыпталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді. 
11 мамыр 2019 ж. 912 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 068

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031