» » ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер ұйқы безі ісігіне операция жасаудың жаңа жолын меңгерді

ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер ұйқы безі ісігіне операция жасаудың жаңа жолын меңгерді

Ақ халаттылар күні бүгінге дейін 4 адамға ота жасап үлгерді.


ТҮРÐÐСТÐÐ: ÐÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ Ò±Ð¹ÒÑ Ð±ÐµÐ·Ñ ÑÑÑгÑне опеÑаÑÐ¸Ñ Ð¶Ð°ÑаÑдÑÒ£ жаңа жолÑн меңгеÑдÑ

Түркістандық дәрігерлермен бірге еліміздің бас хирургы Болатбек Баймахановпен қаладағы орталық ауруханада ұйқы безіне операция жасап жатыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жергілікті ақ халаттылар үшін шеберлік сабағы болмақ. Білікті маманның басшылығымен өңірде 4 операция жасалады. Болатбек Баймаханов, Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирурия орталығының директоры жергілікті дәрігерлердің басын жиып, ауыр оталарды жасаудың қыр - сырымен бөлісті.

Мамандар Түркістан тұрғындарының ішкі ағза ауруларына жиі ұшырайтынын айтады. Оған майлы, зиян тағамдарды пайдалану басты себеп. Бұған дейін науқастар мұндай операцияны мегаполистерде жасатса, енді алысқа барып, уақыт жоғалтпайды.

Қалалық орталық аурухана мен хирургиялық зерттеу орталығы арасында келісім жасалды. Енді түркістандық дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп отырады. Жақын арада жергілікті хирургтарды тәжірибе алмасу үшін Алматыға жіберу жоспарланып отыр.

ERNUR.KZ
20 мамыр 2019 ж. 834 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930