» » Пәтер құнымен бірдей: Шымкент тұрғыны 22 млн теңгеге теледидар сатып алды

Пәтер құнымен бірдей: Шымкент тұрғыны 22 млн теңгеге теледидар сатып алды

Шымкент тұрғыны 22 млн теңгеге теледидар сатып алды. 

https://www.facebook.com/aida.jexen/posts/2185911124838936


Шымкент қаласында Samsung теледидары 22 миллион теңгеге сатылды. Сатып алушы теледидарды 2019 жылдың 31 мамырына жеткізіп беруге тапсырып берген. Түбіртекте теледидар құны 21 999 999 теңге деп жазылған. Тауарға бір жылға дейін кепілдік берілетіні көрсетілген. 

Теледидар Tizen операциялық жүйесімен, 3D форматында, QLED технологиясымен жұмыс істейді. Экранының диагоналі 247.7 см. Заманауи смартфон теледидар санатына жатады. 

33 миллион пиксельді экраннан суреттер қанық көрінеді. Quantum 8K ерекше процессоры жасанды интеллект технологиясымен нақты уақытта суреттің сапасын жақсартып отырады. Ал, QLED интеллекталды жүйе арқылы жарықтылығы мен қоршаған ортаға қарай дауысты көтеріп не төмендетіп отырады. Мәселен, QLED теледидары жаңалықтар даусын өзі көтереді немесе концерт залындағы шуға қарай әншінің даусын төмендетіп отырады. Ambient жүйесінде теледидар өшкен жағдайда мүлде көрінбей тұрады. Қабырғаның түсіне, құрылымына қарай ауысады. Экранға ауа райы, уақыт, өзіңіздің сүйікті фотоңызды қоя аласыз. Осылайша бұл теледидар тек қара экран ғана емес, интерьер элементі ретінде саналады.

"Қымбат көлік пен үйдің бағасымен бірдей ғой", "Қазақ мақтаншақ болмаса қазақ бола ма?", "Қызмет орнына алынған болу керек", деп жазды желідегілер.

"Мүмкін санда қате жазылған шығар, 22 млн теңге емес шығар", - деп сенбестік танытқандар бар. 

23 мамыр 2019 ж. 1 212 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930