» » Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды

Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды



Ақтөбеде Сириядан оралған бір әйел адам мен үш ер азамат қамауға алынды. Олар лаңкестік топтың құрамында болып, терроризмді насихаттаған және діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қамауға алынғандардың барлығы Ақтөбе облысының тұрғындары.
Олар ҰҚК-нің "Жусан-2" арнайы операциясы барысында Қазақстанға жеткізілген. Алайда елге оралғалы жақындарымен кездеспеген, себебі оларды бірден тергеуге алып кеткен.
Олардың Сирияға кіммен және қашан кеткені әзірге белгісіз.

"Террористік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын терроризм актілеріне қатысқан деп күдіктелген Алмағамбетова, Төреханов, Қуанов және Сәбитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.



24 мамыр 2019 ж. 631 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 635

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031