» » Біреудің орнына екі күн: Қылмыскерлердің тергеу абақтысындағы күндері басқаша есептелмек

Біреудің орнына екі күн: Қылмыскерлердің тергеу абақтысындағы күндері басқаша есептелмек

Елімізде қылмыскерлерді қамауда ұстау мерзімі қайта есептеледі. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев әділет министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Оның айтуынша, қылмыстық атқару комитеті бойынша заң жобасына жазаны өтеу мерзімін басқаша есептеу секілді бірқатар өзгеріс енгізілмек. 

"Осыған дейін бізде тергеу изоляторындағы 1 күн бас бостандығынан айырудың 1 күніне тең болатын. Қазір бұл мәселе қайта қаралып жатыр. Енді тергеу изоляторындағы 1 күн орташа қауіпсізідігі бар мекемедегі 1,5 күн болып есептелсе, ең төменгі қауіпсіздігі бар мекемеде өткізген 2 күн ретінде саналады. Себебі адам тергеу изолияторында өте қатаң шарттарда ұсталады", - деді Дембаев.

Ол заң жобасына енгізілетін жаңалықтар туралы мысал келтірді. Қылмыстық істі тергеу мен сотта қарау кезінде кінәліні тергеу изоляторында 6 ай ұстаса, орташа қауіпсізідігі бар түрмеге барғаннан кейін ол уақытты 9 ай деп есептейді. Ал ең төменгі қауіпсіздігі бар мекемеде өткізген уақытты бір жылға теңестіреді.

Сонымен қатар, алғаш рет сотталғандар мен бұрыннан бері түрмеде отырғандарды бөлек ұстайтын болады. Ал мұндай тәртіп тек тергеу изоляторында болған. Бұл түрмеге де енгізілмек. 

Бас прокурордың орынбасары шетелдіктерге қатысты жаза күшейетінін айтты. Елге келген өзге мемлекеттердің азаматтары тәртіп бұзғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттеледі, бірақ олардың көп бөлігі төлемей-ақ жүре береді. Енді оларды елден шығару негізгі және қосымша жаза ретінде енгізілмек. Егер шетелдік тәртіп бұзса, бірден Қазақстан аумағынан шығарылады.

Stan.kz 
24 мамыр 2019 ж. 572 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930