Жұлдызнама-2019: Маусым айына жасалған астроболжам
Тоқты
Қызмет: Бұл айда жұмысқа шақыру не серіктесе кәсіп құруға қатысты ұсыныстар көп болады. Бірақ, олардың басым көпшілігі арандату болуы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Әсіресе бейтаныс немесе жай ғана көзтаныс жандардың ұсынысына сақ болыңыз.
Жеке өмір: Асығыс шешім қабылдау, құмарпаздық немесе тәуекелге бас тігу сынды әрекеттердің жетегіне ермеңіз. Әйтпесе, өміріңізді бершама жағымсыз жағдайлар орын алуы ықтимал. Отбасылық Тоқтыларға уақытының көп бөлігін балаларға, сүйікті жарына арнауға кеңес береді астрологтар. Ал, бойдақтарға аспанға не аяқтың астына емес, айналаңызға қарап жүріңіз, өмірлік серігіңіз жақын маңда жүр дейді. Денсаулық: Өзіңізді күтіңіз, салауатты өмір салты мен мәдени, рухани демалыс түрлеріне мән беріңіз. Әсіресе, қан қысымыңыз көтерілуге не төмендеуге бейім болса.
Торпақ
Қызмет: Жұмыс сфераңызға қатысты үлкен өзгерістер күтіп тұр. Оларға қадам баспас бұрын ескі есептерді айырып алыңыз. Өзгеге қарыз болсаңыз, қайтарыңыз, біреу сізге берешек болса, оның да орнын толықтыруға тырысыңыз.
Жеке өмір: Үйдегі шаруаңыз, шешілмеген мәселеңіз көп, соларға және бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөліңіз. Жауапкершіліктен қашпаңыз, әйтпесе, жұбайыңызбен арада түсініспеушіліктер орын алады. Жалғызбасты Торпақтар достарымен қыдыруды, сауық-сайран құруды азайтса, өмірлік серігін жолықтыру мүмкіндігі артады.
Денсаулық: Ауыр не қауіпті спорт түрлерімен айналысуды аз уақытқа доғара тұрыңыз. Жарақат алу қаупі жоғары.
Егіздер
Қызмет: Маусым – Сіз үшін іс пыстырмайтын ай. Күндіз өнімді жұмы істеуге, кешкісін көңілді сауық кештерінде болуға энергияңыз молынан жетеді. Соған сай есте қалар сәттер мен жағымды тосынсыйлар да, табыс та көп болады.
Жеке өмір: Бұл жақта бәрі жақсы, жұбайыңызбен арақатынасыңыз айрықша жақсы болатын кезең. Маусым айында отбасына қарағанда жұмысыңызға көбірек көңіл бөлгеніңіз абзал. Себебі, байқаусызда жіберілген кішкентай қателіктің өзі үлкен мәселелер туғызуы мүмкін.
Денсаулық: Бұл айда буын аурулары мазалауы мүмкін, сондықтан, ұзақ уақыт жүруден, ауыр жұмыстан, ағзаға артық физикалық күш түсіруден сақ болыңыз.
Шаян
Қызмет:жұмыс орны не үйден жиірек шығып, әлеуметтік ортамен көбірек аралассаңыз, қызықты кездесулер, пайдалы таныстықтар көп болады. Жақсы жұмыс орнына ұсныыс және финанстық өрлеу жаздың бірінші айында-ақ алдыңыздан шыққалы тұр.
Жеке өмір: Достар мен таныстар арасына бір «тазалық» жүргізіп қойған артық болмайды. Сонда өміріңізде жаңа «жақсыларға» орын босайды. Махаббатта өзіңізге және сезімдеріңізге сенімді болыңыз.
Денсаулық: тез арадасалауатты өмір салтына бет бұрыңыз. Фитнес-залға абонемент алып не үй жағдайында жаттығуды қолға алатын кез келді.
Арыстан
Қызмет: Сәттілік өзінің бар екеніне сенетіндердің жанында. Егер Сіз де сәттілік серігіңіз екеніне сенсеңіз, расында солай болады. Әлбетте, аздаған қиындықтар да тумай тұрмайды. Бірақ, әр қадамыңызды сенімділікпен нық бассаңыз, маусымдағы айыңыз оңынан туады.
Жеке өмір: Көңіліңізді алаң ететін, жаныңызға жақпайтын жағдайлар мен адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Мейлі, ол қандай мәжбүрлі жағдай болсын, жақын жан болсын.
Денсаулық: иммунитетіңізді нығайту жолында жұыс жасаңыз. Ол үшін ролик не велосипед тебуді күнделікті дағдыға айналдырыңыз. Табиғи су арнасына көбірек шомылыңыз.
Бикеш
Қызмет: Бұл айда жаңа жобалар мен бұрын-соңды таныс болмаған салаларда іс бастауды қолға алмаған абзал. Уақыт пен қаржыңыз текке желге ұшады. Қосымша табыс көзін іздесеңіз, табасыз, сәйкесінше кіріс те артады.
Жеке өмір:: Маусым айында біршама тұрмыстық қиыншылықтар туғалы тұр. Жақындарыңыздың тарапынан қолдау мен көмек болса, оларды оңай жеңесіз. Бастысы, дұрыс жоспар құрып, дер кезінде іске кірісу. Бос сөз бен пайдасыз іске уақыт жұмсамаңыз.
Денсаулық: Туыстармен арада болуы мүмкін келіспеушілік пен даудан барынша бойды аулақ ұстаңыз. Әйтпесе, беледіңізге ғана емес, денсаулығыңызға да айтарлықтай нұқсан келеді. Қандай жағдай болса да сабырлық сақтап, ұйқыны реттеп, жүйкеге салмақ түсірмеуге тырысыңыз.
Таразы
Қызмет: Бар уақыт пен күшіңізді жұмысқа сарп етпей, тынығып, ой жинақтауға да мүмкіндік туғызыңыз. Сонда жұмыс өнімділігі де артады. Жеке өмір: Белгі иелеріне маусым айы бұрынғы махаббатымен кездесу дайындауда. Егер сөнген сезімді қайта жағып, арақатынасты жаңғыртқыңыз келсе, жақсылап жан-жақты ойланып алған абзал. Жүректің қалауын ғана емес, ақылдың айтарына да құлақ асыңыз. Денсаулық: Өз жағдайыңызға көңіл бөлмей, денсаулыққа қалай-болса солай қарасаңыз, жаз айының өзінде суықтау, тамақтың іінуі, тұмау сынды жайсыздыққа тап болуыңыз мүмкін. Алдын алғыңыз келсе, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, күнге қыздырынып, иммунитетті нығайтыңыз.
Сарышаян
Қызмет: Бұл айда басшылыққа өзіңізді жаңа қырыңыздан көрсетуге барыңызды салыңыз. Қолыңыздан келсе, мансап баспалдағында бір саты жоғарылатып, жаңа жобаны сеніп тапсыруы да мүмкін.
Жеке өмір: Сырт келбет пен киім үлгіңізге өзгеріс енгізуге құлшыныс туады. Бұл дұрыс, сондықтан, іске батыл кірісіңіз. Бір көргеннен ғашық болу сезімін бастан кешіресіз және бұл алдамшы, өткінші емес болуы ықтимал. Ал, отбасын құрып үлгерген Сарышаяндар өмірлік жары мен балаларына көбірек көңіл бөлгені жөн.
Денсаулық:Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды бастаңыз. Белсенді демалыс пен күнге қыздырынуды да естен шығармаңыз.
Мерген
Қызмет: Бұл айда жұмысқа байланысты оқөиғалар, кездесулер мен келіссөздер көп болады.Бірақ, олардың басым көпшілігі пайдасы әрі нәтижесіз. Сондықтан, әрқайсысына терең талдау жүргізіп барып қабылдаған дұрыс.
Жеке өмір: Жалғызбасты Мергендердің жаз басында жолы болып, өмірлік серігін жолықтыру мүмкіндігі жоғары. Ал, отбасылы белгі иелерінің эмоцияларына ұстамды болғаны жөн. Сезімді білдіруде асыра сілтеп жібересіз, оларды қызғаныш не ашумен шатастыру оңай. Салдарынан серігіңізбен арада түсініспеушілік туындауы да лезде.
Денсаулық: Бұл айда бойдағы қуатыңыз артып, өзіңізді жақсы сезінесіз. Сөйтсе де, көбірек тынығып, дұрыс тамақтанып, жеміс-жидек, көкөністерді көбірек тұтынып, өзіңізді күтуді ұмытпаған абзал. Астрологтар спортпен айналысуды қоя тұрған абзал дейді.
Тауешкі
Қызмет: Табиғатынан еңбекқор Тауешкілер бұл айда қай жұмысты болмасын нәтижелі жасайды. Соның арқасында аз уақыттың ішінде материалдық жағдайы да айтарлықтай жақсарады. Әріптестер арасынан өзіне тым сенімді, басқаларды өзінен төмен санап, басынғысы келетін біреу табылады. Оған үнсіздікпен жауап қатыңыз, әйтпесе, түймедей сөзден түйедей дау туындап, оны шешу үшін басшылыққа жүгінуге тура келеді.
Жеке өмір: Отбасылы Тауешкілердің шаңырағында айрықша жарасым мен сыйластық орнайды. Ал, басыңыз бос болса, өзіңіз ұнатқан жанмен көңіл жарастырып көріңіз, шын махаббат не уақытша сезім екенін уақыт өзі айқындап береді.
Денсаулық: Суға шомылып, күнге қыздырынуға әлі де асықпаңыз. Бұл айда жағажайларда Сізді жайсыздық күтеді.
Суқұйғыш
Қызмет: Бұл айда қарбалас жұмысты ысырып, екінші орынға қоя бұруға бура келеді. Себебі, түрлі сырқаттардың бас көтеріп, денсаулығыңыздың өзіне көңіл бөлуді талап етуі болмақ. Ал, біраз уақыттан бері жұмыс орнын ауыстыруды ойлап жүрген болсаңыз, бұл іске осы айда бел шеше кірісіңіз. Маусым – түбегейлі өзгерістер жасауға сәтті ай.
Жеке өмір: Отбасылы Суқұйғыштардың өмірлік жарымен арасында сезім мен сенім бұрынғыдан да нығая түседі. Ал, жалғызбасты белгі иелері әріптестер арасындағы махаббат хикаясын бастан кешуі ықтимал.
Денсаулық: Бұл туралы жоғарыда айтып кеттік – жаныңыз ауырып, біраз уақыт аурухана мен дәрігер жағалайсыз. Емделуді кейінге қалдырмаңыз.
Балықтар
Қызмет: Жұмыс орныңызда айтарлықтай үлкен мәселелер орын алмайды. Әйтсе де, маңызды жобаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Әйтпесе, жоба мен одан түсетін табысты әріптестеріңіз қолыңыздан жұлып кетуі мүмкін.
Жеке өмір: Өміріңіздің бұл саласында да тынымсыз еңбектенуге тура келеді. Тұрмыстық түйткілдер, отбасылық мәселелер, үйдің ұсақ-түйек шаруасы – бәрі қат-қабат келіп жатады.
Денсаулық: Ағзаңызға зиян келтіргіңіз келмесе, мәдениетті де сауатты демалып үйренуіңіз қажет. Ағзаңыздың «айтарына» құлақ асыңыз, елеусіз белгілердің өзіне мән бермесеңіз, ол үлкен ауруға айналып кетуі мүмкін.

ERNUR.KZ