» » Эхинококкоз – қауіпті кесел

Эхинококкоз – қауіпті кесел


Адамдар эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін әкелетін, ал асқынған кезде өліммен аяқталатын құрт ауруы.  

Жылауық  құрт  кеселі  (эхинококкоз) – адам мен мал ағзаларына құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын дерт. Бұл ауру таспалы құрт эхинококк арқылы 60-85% бауырды, 15% өкпені зақымдайды. Жұғу жолдары: асқазан, ішек жолдары, тыныс жолдары және жараның беті арқылы. Адамнан адамға жұқпайды. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан, ит, мысықтардан жұғады. Көзге әрең  көрінетін жылауық  құртының ұзындығы 2 мм ден 1 см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де,солардың дәреті арқылы  суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін пйдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде адам ағзасына түседі. Асқазанға түскен жылауық құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айрылып ішек қатпарларына енеді, содан әрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми және басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық құрт өсіп өне бастайды. Эхинококк ондаған жылдар бойы өмір сүріп, үлкейіп дами береді. Жылауық құрт қалтасы өсіп сырқаттың белгісі біліне бастайды, құрт өскен жердегі ағзаның қызметі бұзылады. Егер науқас адам уақытында дәрігерге көрініп ауруын анықтап емделмесе, уақытылы ота жасатып тез арада жылауық құрт қалтасын алдырып тастамаса, ол ұлғая  келе жарылып, науқастың өміріне қауіп келтіреді.
Диагноз қою:  Эхикоккозды кистаны ультрадыбысты тексеріс, рентген арқылы және анықтайды.
Емі: эхинококкэктомия, яғни хирургиялық операция жасау арқылы ғана.
  Алдын алу шаралары: Тағамға жуылмаған көкініс, жемістерді, жабайы өскен шөптер мен бүлгдіргендерді қолданбау керек.
Балаларды итпен ойнатпау, өз ыдыстарынан  тамактандырмау және иттің оларды беті-қолдарын жалауын болдырмауын қадағалап отыру керек. Өйткені ит, мысық үй жағдайында таза ұсталынса да, олардың жүнінде құрттың жұмыртқалары жүреді.Ауру таратушы иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын емес. Ол үшін өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін, өкпе бауырларын ит, мысықтарға жегізбей терең шұңқырларға көміп немесе өртеп жіберген дұрыс.   Эхинококкоз мәселесі, медициналық мекемесінің ғана емес, ветеринарлық мекемесіне де қатысты. Эхинококкоздың алдын алу бірінші кезекте қаңғыбас және иесіз иттермен күрес жүргізу және міндетті түрде жылына 2-3 рет иттерге дегельминтизация (құрттарға қарсы дәрілеу) жүргізу қажет.
     Өлген малды арнаулы шұңқырға (скотомогильник) көму керек. Бау-бақшада, шаң-тозаң көтерілетін жерде жұмыс атқарғанда ауыз бен мұрынға төрт қабатты дәке маска киген жөн, өйткені, көтерілген шаңмен бірге эхинококкоздың және басқа да аурулардың қоздырғыштары адамның тыныс жолдарына енуі мүмкін. Балалалардың қаңғыбас иттермен ойнауы­на жол бермеу керек.Медициналық профилактика шаралары – ауруды ертерек табу үшін қауіпті топтағыларды (малшыларды, қасапхана қызметкерлерін, ит бағатын мекемелердің жұмысшыларын, хайуанаттар саябағы жұмысшыларын, эпидемиялық аймақ­тардағы балаларды) тұрақты зертханалық тексеру, аспаптық-иммунологиялық әдістер жиынтығын пайдалану – осы аталған іс-шараларды мұқият орындағанда ғана, аурудың алдын алуға болады.
       Өздеріңізді және жақындарыңызды бұл қауіпті дерттен сақтандыра біліңіз !
Орындаған :Жалағаш аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы:Мусаева Сәндігүл Қостайқызы.
15 мамыр 2019 ж. 1 048 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930