» » Атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандар қылмыстық жазаға тартылмақ

Атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандар қылмыстық жазаға тартылмақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғысы келетіндерді жаза күтіп тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы министр журналистерге берген сұхбатында айтып берді.
"Нақты шара қабылданады. Жолдары да бар. Біз қазір оларды прокуратура органдарына беріп жатырмыз. Солар тексереді. Егер алаяқтық анықталса, онда қылмыстық жазаға тартылады", - деді Сапарбаев.
Министр атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде делдалдар жәрдемақыны алып беруге көмектесетінін алға тартты.
Сапарбаевтың сөзінше, алдымен осы адамдар жазаға тартылады.
"Мысалы, жұмыспен қамту орталығы мен көпбалалы ананың арасында делдал болып, соның ақшасын алып беріп, кішкене ақшасын өзі алса, ең бірінші солар жазаланады", - деді ол.
Министр көпбалалы отбасылар өз табысын дұрыс көрсетпесе де, жауапқа тартылатынын жеткізді.
Сапарбаев қазіргі уақытта ол жұмыс кейбір өңірлерде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ол біткеннен кейін іс прокуратура органдарына тапсырлатынын тілге тиек етті.

13 маусым 2019 ж. 2 963 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930