» » "Шымкенттің қазағы, үйде орысша сөйлетпейді": Байзақова анасының қаталдығы туралы

"Шымкенттің қазағы, үйде орысша сөйлетпейді": Байзақова анасының қаталдығы туралы

Танымал блогер Айжан Байзақова жүктілігі туралы анасына көпке дейін айта алмай жүргенін жеткізді. Айтуынша, анасымен осы күнге дейін, тіпті, жігітпен жүру тақырыбында сөйлесіп көрмеген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Salem Beauty бағдарламасына сілтеме жасап. 




«Менің анам – шымкенттік әйел. Үйде ол, тіпті, орыс тілінде сөйлеуге рұқсат бермейді. Мен оған жүктілік түгілі, жігіт туралы айтуға қорқатынмын. Анама жүкті екенімді айтарда алдында отырып қатты жыладым. Осы сәтте ол біреу өліп қалды немесе мен қатерлі дертке шалдықты деп ойлап қалған екен», - дейді блогер. 
Әрі қарай ол жүктілігі туралы жаңалықты естігеннен кейін анасының өзіне қосылып жылағаны туралы айтты. Кейін жылы сөздермен жұбатып, шайға шақырған екен. 
«Оған қалай айтарымды білмедім. Отырып алып жыладым. «Сен айтпасаң, жүрегім тоқтап қалатын шығар. Сен бір ауруға шалдықтың ба?» деп сұрады. Осы сәтте «Анашым, аяғым ауыр» дедім. Екеуіміз отырып бірге жыладық. Әрине, бұл менің анам үшін таңғалдырарлық жаңалық болды. Кейін дастархан басына шайға отырдық. «Бізде артық бала жоқ, ту» деді. Ол мені түсінді», - дейді Байзақова. 
22 маусым 2019 ж. 2 923 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930