» » Ұшақ қонуға мәжбүр болды

Ұшақ қонуға мәжбүр болды


Ресейде Симферопольге ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалтқыштары құс түсіп кетіп, тұтана бастағандықтан жақын жердегі әуежайға қонды.


ТАСС агенттігінің деректеріне сүйенсек, бүгін таңертең "Уральские" әуе жолының А-321 ұшағы Мәскеу облысы Жуковский әуежайының маңайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі, ұшып бара жатқанда ұшақтың қозғалтқыштарынан өрт шықты.

Ресейлік әуе кеменің ішінде 234 жолаушы болды, оның ішінде 7-еуі экипаж мүшелері. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың ішіндегі жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер жоқ.

Әуе тасымалдаушының бас директоры Сергей Скуратовтың айтуынша, ұшақтың екі қозғалтқышы да ішіне құс түсіп кеткендіктен істемей қалған.
«Ұшақтың Жуковский әуежайындағы апаттық қонуына – ұшақ қозғалтқыштарына түсіп кеткен құстар себеп болды. Екі қозғалтқыш та істен шықты. Экипаж ұшу алабына бір шақырым жер қолғанда қонды», - деді Скуратов.

РИА Новостидің хабарлауынша, ұшақ қонғаннан кейін ұшу алабынан тыс жерге шығып кеткен. Шұғыл қызмет өкілінің сөзінше, ұшақ шасси тағандарының барлығы сынып кеткен. Ұшақтағы өрт толығымен сөндірілді. 






15 тамыз 2019 ж. 964 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930