» » Арқасына қадалған пышаққа қарамастан алаңсыз отырған адам жұртты таңырқатты (фото)

Арқасына қадалған пышаққа қарамастан алаңсыз отырған адам жұртты таңырқатты (фото)

Фото: life.ru

Бразилияда ер адам арқасына қадалған суық қаруға қарамастан жедел жәрдемнің келуін күткен деп хабарлайдыlife.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Элионардо Насименто жергілікті барлардың бірінде отырғанда белігісіз адам келіп, жанжал шығарған. Нәтижесінде ер адам 22 жастағы жігіттің арқасына пышақ сұққан.
Таңғаларлығы Насименто өзіне сұғылған пышақты сезбей қалған. Ол тіпті денесіндегі ауырлықты да сезбегінін айтады. Жас жігіт тек куәгерлер айтқан кезде ғана арқасындағы пышақты байқаған.

Фото: life.ru

Куәгерлер жедел жәрдемді бірден шақсыра да ол кешігіп жеткен. Ал сол уақыт аралығында ер адам ештеңе болмағандай емін-еркін отырыпты.

"Мен тіпті белгісіз адамның маған жақындап келгенін де сезбей қалдым. Кейін маған арқамда пышақ қадалып тұрғанын айтты. Мен есімнен танып қала жаздадым. Бірақ білгеннен кейін артық қимыл жасамай, сабыр сақтап отырдым", - дейді жігіт.

Фото: life.ru

Оқиға орына жеткен полицейлер мен дәрігерлер ер адамның салқынқандылығына тәнті болған.
Ақ халаттылардың айтуынша, пышақ ер адамның ағзасын зақымдамағанның арқасында ол тірі қалған.



https://kaz.nur.kz



22 ақпан 2018 ж. 1 417 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 062

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031