» » Жалағашта тағы бір бала суға кетті

Жалағашта тағы бір бала суға кетті

Қызылорда облысында бір жастағы қыз бала арықтағы суға құлап қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше ғана Жалағаш ауданында суға түсу кезінде бір жасөспірімнің ажал құшқанын хабарлаған едік. Айтып ауыз жиғанша ауданда тағы бір қайғылы жағдай орын алып отыр. Бұл оқиға Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында болды.
«Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, қаза болды. Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Жалпы аймақта жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Олардың 4-еуі бала болса, қалғаны - ересек азаматтар.
Осыдан аз ғана уақыт бұрын Жалағашта каналға суға батып кеткен баланың мәйіті табылған еді.
01 маусым 2020 ж. 27 464 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 071

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031