» » Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды

Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды


«Павлодар – Астана» бағытындағы электр пойызы 12 жасар баланы қағып кеткен. Жарақаттанған жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін  тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан.  Сол сәтте бұрылыстан «Павлодар – Астана» бағытындағы электр пойызы шыға келген.  Соққы салдарынан бала шетке құлап, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған, деп хабарлайдыPavlodarnews.kz
«Ол жедел жәрдем арқылы 17 наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді», – дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош. – Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында». Ақ желеңділер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Баланың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.

http://stan.kz
20 наурыз 2018 ж. 1 205 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930