» » Қазақстандық бухгалтерлерге хакерлерден қауіп төнуде

Қазақстандық бухгалтерлерге хакерлерден қауіп төнуде


Киберқылмыскерлер желіде 10 мың қаржы маманының жеке деректерін сатылымға шығарған, деп хабарлайды КТК


Шабуылға тап болған – balans.kz сайтының пайдаланушылары. Тіпті, хакерлер ауа-райы туралы ақпарат тарататын «Қазгидрометтің» корпоративтік желісіне кіру мүмкіндігін де саудаға салыпты. Ал, клиенттерін қызықтыру үшін мекеменің ішкі құжаттарының үзіндісін жариялаған. Бірақ, желідегі алаяқтар мәліметтер базасын қаншаға бағалайтынын көрсетпепті.

Әдетте, мұндай бір сатылымның өзінен хакерлер 3-4 мың доллар пайдаға кенелетін көрінеді. Бірақ, бұл жолы арам пиғылдарын іске асырып үлгермепті. Яғни, бухгалтерлердің есеп-қисаптарын саудаға шығарғанымен, оны сата қоймаған. Мамандардың айтуынша, жеке мәліметтерді иелену арқылы хакерлер ақпарат иесін бопсалап, ақша табады. Әрі осы мүмкіндікті өзгелерге сатады. Қазір олар бұзып алған құпия дерекке толы сайт бұғатталған. Бұл жағдай жуырда қазнетте пайда болған майнер вирустарымен тығыз байналысты деп отыр. Өткен аптада есепшілер мен заңгерлердің 3 сайтына кибершабуыл жасалған болатын.

http://stan.kz
09 қаңтар 2018 ж. 992 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930