Астанадағы батут оқиғасы: Төрт бала аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр
Астанада қатты тұрған желдің салдарынан батут аударылып, салдарынан 4 және 10 жас аралығындағы балалар зардап шекті. Олардың төртеуі аурухананың жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров айтып берді.
“Қазіргі уақытта бес бала ауруханада жатыр, олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің бас-сүйек миына зақым келсе, тағы екеуінде қаңқа жарақаты”, – деді Надыров журналистерге.
Ал бесінші бала жақ-бет хирургия бөлімінде жатыр, оның жағдайы орташа деп бағалануда. Зардап шеккендердің біреуі – 3, екеуі – 5, тағы екеуі – 6 жаста.
№2 аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаиловтың айтуынша, балалардың жағдайына қатысты қандай да бір болжам жасауға әлі ерте.
“Толық тексерістен кейін, тек бірнеше күннен соң олардың жағдайы туралы толық мәлімет бере аламыз. Бізде науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі бар. Олар жағдайды ата-аналарға түсіндіріп жатыр. Ем-домға қажеттінің бәрі, мамандар да мұнда бар”, – деп атап өтті бас дәрігер.
Айта кетейік, бүгін Астанада “Жаннұр” сауда орталығының аймағында батут аударылып кетті. Нәтижесінде бес бала зардап шекті. Олардың үшеуі – қыз, екеуі – ер бала.
http://stan.kz