Із-түзсіз жоғалып кеткен жеткіншекке іздеу жарияланды
Туыстарының айтуынша, барлығы негізінен жақсы болған. Ол әдеттегідей бірнеше сағатқа футбол ойнауға кетеді. Бірақ телефонын үйде тастап кеткен.
Олар жеткіншекке хабарласа алмаған. Үйге келетін уақыт таяғанда баланың жоқтығын сезген жақындары іздестіру шараларына көшкен.
Туыстары дереу полиция мен халыққа көмекке үшін жүгінген.
Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 маусым күні кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектің жоғалғаны жайлы хабар соталды істерінің біріккен тізіміне тіркелді.
Жоғалған балаға қатысты аталған іс бойынша іздестіру шаралары қолға алынды. Полицейлердің сөзінше, жеткіншекті іздеу жолында олар барлық интернет-клубтарды шарлап, сыныптастарымен сөйлескен, алайда ол әзірге еш нәтиже бермеді.
Белгілі болғандай, Бекнұр 2003 жылы туған. Түстен кейін "Болашақ" аялдамасы ауданындағы үйінен шығып кеткен.
Баланың бойы - 175-180 см, арық денелі, оң қолындағы шынтақтың ішкі жағында күйіктің жарасы бар. Бекнұрдың көзі нашар көреді және тілінде ақаулық бар.
Оның үстінде қызғылт-сары жейде, қара көк джинсы, қоңыр кроссовкалар болған. Қара жиектемесі бар көзілдірік тағады.
Жеткіншектің отбасы жоғалған бала жайлы хабарды білетін яки оны көрген-білген жандар болса, мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларын сұрайды:
8-701-789-42-27, 8-777-342-05-52, 8-708-749-82-56.
Пікір 1